Бүгін Ерейментау ауданындағы Жас сайлаушылар клубының мүшелері мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атап айтқанда, Төлеуов Ильяс Мұхтарұлы №418 сайлау учаскесінде, ал Тылик Алина Владимировна №409 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Жастардың сайлауға қатысуы – олардың қоғамдық өмірге деген қызығушылығы мен азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Өз таңдауын жасау арқылы жас буын ел өміріндегі маңызды қоғамдық үдерістерге қатысуға дайын екенін көрсетуде.
Жастардың азаматтық белсенділігі мен сайлау мәдениетін қалыптастыру – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі.


