15.1 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмолалық Мағжан Бекзат Сербиядағы халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Ақмолалық Мағжан Бекзат Сербиядағы халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сербия астанасы Белградта бокстан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бұл беделді дода әлемнің үздік спортшыларын жинап, тартысты жекпе-жектердің алаңына айналды. Қазақстандық спортшылар да бұл жарыста өз шеберліктерін көрсетті. Солардың бірі — Ақмола облысының өкілі, талантты боксшы Мағжан Бекзат, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

63,5 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Мағжан өзінің тамаша техникасы, тактикасы және қайсар мінезінің арқасында бірнеше әсерлі жекпе-жек көрсетті.  Ол жартылай финалға дейін жетіп, қола медаль жеңіп алды. Бұл оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар қазақстандық бокс үшін үлкен мәртебе.

Ақмола облысының спорт басқармасы мәліметіне  сүйенсек, Мағжан турнирде жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныстырды.

Бұл жеңіс қазақстандық бокс мектебінің жоғары деңгейін дәлелдей отырып, жас спортшыларға үлкен шабыт береді. Мағжан Бекзатқа алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
15.1 ° C
15.1 °
15.1 °
90 %
5.3kmh
100 %
Вт
15 °
Ср
23 °
Чт
33 °
Пт
21 °
Сб
21 °

Соңғы мақала