29 қарашада Ақмола облысының бірқатар қалалары мен ауылдарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Ерейментау қаласында, сондай-ақ Целиноград ауданының Ақмол, Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Родина және басқа да елді мекендерінде тұрғындарға жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылды. Сауда сөрелерінен ет, көкөніс, жеміс-жидек және күнделікті тұтынуға қажетті азық-түліктерді қолжетімді бағамен сатып алуға болады.

Жәрмеңкелер тұрғындарға қажетті өнімдерді тиімді бағамен алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, жергілікті өндірушілерді қолдауға да ықпал етеді. Сонымен қатар сауда алаңдары тұрғындар жүздесіп, пікір алмасатын ортаға айналды.
Осылайша, сайлау күні өңірде қоғамдық белсенділік пен көтеріңкі көңіл күй қатар байқалуда. Тұрғындар дауыс беріп, күнделікті шаруаларын да атқаруда.


