-4 C
Kokshetau
Басты бетЕңбек адамыАқмола өңірінің аграрлық саласы: еңбекпен өрілген тағдырлар

Ақмола өңірінің аграрлық саласы: еңбекпен өрілген тағдырлар

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы заманауи технологиялар мен өндірістік мүмкіндіктердің арқасында ғана емес, сонымен қатар күн сайын жер басында еңбек етіп, өнім сапасына жауап беретін және кәсіби тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізетін адамдардың арқасында дамып келеді. Әрбір жиналған астықтың артында жылдар бойғы еңбек, жауапкершілік пен таңдаған мамандығына деген адалдық жатыр.

Бірі үшін ауыл шаруашылығы өмірлік кәсіпке айналса, енді бірі үшін заманауи аграрлық салада өзін танытуға мүмкіндік болды. Алайда барлығына ортақ қасиет – туған жерге деген құрмет пен өз еңбегінің маңызын терең түсіну.

Сол жандардың бірі – ауыл шаруашылығы саласына ғұмырының жарты ғасырға жуық уақытын арнаған Владимир Павлович Коханевич. Оның еңбек жолы 1972 жылы механизатор болып басталды. Кейін агроном мамандығын меңгеріп, кәсіби қызметін осы бағытта жалғастырды. Еңбек жолының едәуір бөлігін «Мадияр-К» ЖШС-де өткізді. Осы жылдар ішінде ол саланың түрлі даму кезеңдерінен өтіп, мол тәжірибе жинақтады. Бүгінде Владимир Павлович құрметті демалыста. Оның өмір жолы – мамандыққа және туған жерге деген адалдықтың үлгісі.

Аграрлық саланың дамуына жаңа буын мамандары да өз үлесін қосып келеді. Егіндікөл ауданындағы «Урожайное 2015» ЖШС агрономы Ролан Рамильевич Начаев өз жұмысында кәсіби білімге, заманауи технологияларға және өндірісті тиімді ұйымдастыруға басымдық береді. Оның қызметі өсімдік шаруашылығын дамыту, жаңа агротехнологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға бағытталған тиімді шешімдер қабылдаумен байланысты. Осындай мамандар саланың жаңа талаптарға бейімделуіне және одан әрі дамуына мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығында көпжылдық тәжірибесі тікелей дала жұмыстарымен байланысты еңбек адамдарының орны ерекше. Степногорск қаласындағы «Балу» шаруа қожалығының механизаторы Петр Михайлович Ермаков ауыл шаруашылығы техникасын тізгіндеп, 50 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Аталған шаруашылықта он жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп, егіс және орақ науқандарына қатысады. Оның өмірінде отбасылық еңбек дәстүрінің де орны ерекше. Жұбайы Татьяна Ивановна да осы шаруашылықта еңбек етіп, астық тазалау жұмыстарымен айналысады. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп өсірген. Олардың бірлескен еңбегі – отбасылық бірлік пен еңбекке деген құрметтің жарқын үлгісі.

«Балу» шаруа қожалығының тағы бір еңбеккері – 2007 жылдан бері осында жұмыс істеп келе жатқан Асет Тельманұлы Әбілов. Осы уақыт ішінде мол тәжірибе жинақтап, кәсіби тұрғыда өсті. Бүгінде агроном, бригадир және шаруашылық басшысының орынбасары қызметтерін атқарады. Оның негізгі міндеттеріне дала жұмыстарын ұйымдастыру, көктемгі егіс және егін жинау науқандарының барысын бақылау кіреді. Адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін бірнеше мәрте марапаттар мен алғысқа ие болған. Оның еңбек жолы бастамашылдықтың, тәжірибенің және ортақ нәтижеге деген жауапкершіліктің маңызын көрсетеді.

Бұл жандардың өмір жолдары әртүрлі болғанымен, олардың әрқайсысы ауыл шаруашылығы саласының маңызды қырларын көрсетеді. Олар – ұрпақтар сабақтастығының, кәсіби тәжірибенің, отбасылық еңбек дәстүрінің және туған жерге деген адалдықтың үлгісі.

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы осындай еңбек адамдарының арқасында дәстүрін сақтап, жаңа технологияларды енгізіп, алға қарай дамып келеді. Олардың күнделікті еңбегі – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіптік кешенінің дамуының берік негізі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
-4 ° C
-4 °
-4 °
87 %
3.2kmh
100 %
Пт
-4 °
Сб
2 °
Вс
4 °
Пн
3 °
Вт
2 °

Соңғы мақала