-7.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Ақмола облысында мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өңірде сайлау учаскелері ашылды. Таңертеңнен бастап облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындары мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, жергілікті өкілді органдарда өз мүдделерін кім қорғайтынын анықтау үшін дауыс беруге келуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жалпы облыс бойынша 757 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 696-сы азаматтардың тіркелген мекенжайы бойынша, ал 61-і уақытша болатын орындарда орналасқан. Сайлаушылар тізіміне өңірдің 521 мыңнан астам тұрғыны енгізілген.

Дауыс беру қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардың 265 депутаты сайланады. Оның ішінде облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары бар. Жергілікті өкілді органдар өңірлерді дамыту, аймақтық бағдарламалар мен жергілікті бюджетті қарау мәселелеріне қатысады.

Сайлау учаскелерінің жұмысын мыңнан астам сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Олардың құрамында 5,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Дауыс беру тәртібінің сақталуын қоғамдық байқаушылар қадағалайды.

Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтар үшін де дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай жағдайда учаскелік комиссияға алдын ала өтініш беру арқылы үйде дауыс беруге болады.

Сайлау туралы ақпарат алу және дауыс беру учаскесін нақтылау үшін облыста 21 байланыс орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар тұрғындарға қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін «Сайлау Акмо Бот» Telegram-боты іске қосылды.

Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері дауыстарды санауға және қорытынды хаттамаларды рәсімдеуге кіріседі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-7.8 ° C
-7.8 °
-7.8 °
86 %
4kmh
100 %
Вс
-7 °
Пн
-7 °
Вт
-7 °
Ср
-8 °
Чт
-11 °

Соңғы мақала