2.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында туристер саны 2 миллионнан асады деп күтілуде

Ақмола облысында туристер саны 2 миллионнан асады деп күтілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында туризм саласы тұрақты дамып, өңір экономикасының маңызды бағыттарының біріне айналып келеді. 2026 жылдың қорытындысы бойынша облысқа келушілер саны 2 миллион адамнан асады деп болжануда. Сонымен қатар туристік қызмет көлемі мен инвестиция тарту көрсеткіштерінде де оң динамика байқалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский мәлімдеді.

Бүгінде өңірдің туристік кластерінде 700-ден астам бейінді кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде жалпы сыйымдылығы 6 мыңнан астам нөмірді құрайтын 368 орналастыру нысаны бар. Ақмола облысы еліміздегі туристік қызметтердің жалпы көлемінің шамамен 10 пайызын қамтамасыз етеді.

«Ақмола облысы еліміздегі ішкі туризмнің негізгі орталықтарының бірі болып саналады. Биылғы көрсеткіштер өңірге деген туристер қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Біздің басты міндетіміз – туристік инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру және жеке инвестицияларды тарту арқылы облыстың туристік әлеуетін одан әрі нығайту. Бұл бағыттағы жұмыстар тек Бурабайда ғана емес, облыстың басқа да туристік аймақтарында жалғасады», – деді Андрей Подгурский.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірге шамамен 934 мың турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға жоғары. Ал жазғы маусымда Бурабай курортын 1 миллионнан астам адам аралаған. Қонақүйлер мен демалыс базалары 500 мыңнан астам келушіге қызмет көрсеткен.

Орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі де артқан. Қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш 19,3 пайызға өсіп, 16,7 млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысы бойынша аталған көлемді шамамен 30 млрд теңгеге жеткізу күтілуде.

Инвестиция тарту бағытында да бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. 2026 жылдың он айында туризм саласына негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 21,5 млрд теңгені құрады. Оның 16,3 млрд теңгесі жеке инвестицияларға, 5,2 млрд теңгесі бюджет қаражатына тиесілі.

Көкшетау қаласында халықаралық Ramada Encore by Wyndham 4 жұлдызды қонақүй желісіне тиесілі тоғыз қабатты қонақүйдің құрылысы басталды. Жобаның құны 3 млрд теңгені құрайды. Нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Бурабайда Щучье көлінің жағалауында Rivera Burabay бутик-қонақүйін пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 2 млрд теңге инвестиция салынған. Келесі кезеңде 12 млрд теңгеге Mövenpick Hotels & Resorts брендімен қонақүй кешенін салу көзделген.

Сонымен қатар Radisson Blu Burabay апарт-қонақүйінің құрылысы жалғасуда. Жобаға 4,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Holiday Inn Resort Burabay төрт жұлдызды кешенінің құрылысына 20 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары да жалғасуда. 2026 жылдан бастап бизнесті субсидиялау жөніндегі өкілеттіктер әкімдіктер деңгейіне берілді. Туристік нысандар мен жол бойындағы сервистік объектілер құрылысына жұмсалған шығындардың 10 пайызы, туристік автобустар сатып алу құнының 25 пайызы өтеледі. Ал санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға ай сайын 83 300 теңге көлемінде субсидия қарастырылған.

Жыл басынан бері кәсіпкерлердің 8 өтінімі мақұлданып, оларға 162,79 млн теңге көлемінде қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.

Аталған көрсеткіштер Ақмола облысында туризм саласының экономикалық әлеуеті артып, өңірге жеке инвестиция тарту жұмыстарының жүйелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
2.2 ° C
2.2 °
2.2 °
80 %
10kmh
75 %
Чт
2 °
Пт
-1 °
Сб
-4 °
Вс
-8 °
Пн
-6 °

Соңғы мақала