Бүгін Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келген және өмірінде алғаш рет дауыс беріп отырған азаматтарға сыйлықтар табыстау акциясы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Акцияның басты мақсаты – азаматтардың сайлау процесіне қатысуына қолдау көрсету, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және сайлауға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Іс-шара аясында алғашқы болып дауыс берген және алғаш рет өз таңдауын жасаған азаматтарға естелік сыйлықтар табысталуда.
Мұндай бастамалар сайлаудың мерекелік атмосферасын қалыптастырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етеді.


