-9.1 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҮш бидің өнегесі: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің бейнесі сайлау...

Үш бидің өнегесі: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің бейнесі сайлау күніне ерекше реңк берді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Зеренді ауылында және Көкшетау қаласында сайлау күні тарихи дәстүр мен қазіргі азаматтық белсенділікті сабақтастырған ерекше бастама өтті. Үш сайлау учаскесінде қазақтың әйгілі билері – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің бейнесіндегі үш кейіпкер ұлттық нақыштағы шапан мен бас киім киіп, дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Ұлттық киімдегі үш бидің бейнесі сайлау учаскелеріне келген тұрғындардың назарын аударып, тарихи құндылықтар мен азаматтық жауапкершіліктің сабақтастығын көрсетті. Қазақ қоғамында ел ішіндегі дауларды әділ шешіп, халықтың бірлігі мен татулығын сақтауда билер институтының орны ерекше болғаны белгілі.
Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би – қазақ тарихында ел бірлігін нығайтуға, халықтың ынтымағын сақтауға және әділдік қағидаттарын орнықтыруға зор үлес қосқан тарихи тұлғалар. Олардың бейнесін қазіргі қоғамдық маңызды оқиғамен байланыстыру – өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеудің өзіндік үлгісі.

«Билердің бейнесін таңдауымыздың өзіндік мәні бар. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би халықты бірлікке, татулыққа және әділдікке үндеген. Бұл құндылықтар бүгін де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Сайлау – азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды сәт. Сондықтан тарихи тұлғалардың өнегесін бүгінгі азаматтық жауапкершілікпен байланыстыруды жөн көрдік», – деді бастама ұйымдастырушысы.

Үш бидің ұлттық киімдегі бейнесі әсіресе жастардың қызығушылығын тудырды. Тұрғындар тарихи кейіпкерлермен суретке түсіп, олардың ел тарихындағы орны туралы пікір алмасты. Осы арқылы сайлау учаскелері тек дауыс беретін орын ғана емес, ұлттық мәдениет пен тарихи жадыны насихаттайтын ортаға айналды.

«Бүгінгі таңда жастарға тарихымызды заманауи форматта таныстыру өте маңызды. Үш бидің бейнесі арқылы біз кейінгі ұрпаққа олардың елдік ойы мен ұстанымын еске салғымыз келді. Өткенді құрметтеу мен бүгінгі азаматтық міндетті орындау – бір-бірімен сабақтас ұғымдар», – деді шараға қатысушы.

Зеренді, Қосшы және Көкшетауда ұйымдастырылған бастама ұлттық мұра мен заманауи қоғамдық өмірдің арасындағы байланысты айқын көрсетті. Тарихта ел тағдырын ойлаған билердің өнегесі бүгінгі ұрпақ үшін де маңызды.

Өйткені ұрпақтар сабақтастығы – өткеннің құндылықтарын сақтап қана қою емес, оларды қазіргі қоғамның өмірімен үйлестіре білу. Үш бидің бейнесіндегі кейіпкерлердің сайлауға қатысуы да осы ойды символдық тұрғыда жеткізді: ел болашағы үшін жауапкершілік пен азаматтық ұстаным қай кезеңде де маңызды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
-9.1 ° C
-9.1 °
-9.1 °
94 %
1.6kmh
26 %
Пт
-1 °
Сб
3 °
Вс
4 °
Пн
5 °
Вт
2 °

Соңғы мақала