17.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАршалы ауданында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда

Аршалы ауданында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жолдар, тұрғын үй және коммуналдық инфрақұрылым Аршалы ауданының дамуының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Биыл ауданда автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасып, елді мекендер арасындағы автобус қатынасы кеңейтілуде, жаңа тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, коммуналдық желілерді жаңғырту жобалары іске асырылуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Достанбек Есжанов ауданның инфрақұрылымдық дамуындағы өзгерістер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Берсуат ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстарының аяқталуы болды. Ауыл тұрғындары сапалы жолды жиырма жылдан астам уақыт күткен еді. Жоба аясында 14 шақырым жол төсемі жаңартылып, үш су өткізу құрылысы орнатылды. Сонымен қатар «Бабатай – Бұлақсай» автожолының және Түрген ауылына кіреберіс жолдың орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Елтоқ ауылында жалпы ұзындығы 12 шақырым болатын ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта Аршалы – Михайловка облыстық жолының 20 шақырымдық бөлігін жөндеу бойынша жобалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жолданды.

Ауданда көлік инфрақұрылымын дамыту тек жол салу және жөндеумен шектелмейді. Елді мекендердің көлік қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылуда. Бүгінде ауданның негізгі ауылдары автобус бағыттарымен қамтылып, елордамен тұрақты қатынас қамтамасыз етілген. Келесі кезеңде ауданның барлық елді мекендерін өзара байланыстыратын бірыңғай әлеуметтік автобус бағытын іске қосу жоспарлануда.

«Жолдарды жөндеумен қатар, біз тұрғындардың еркін қатынауын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Осы мақсатта автобус бағыттары негізгі ауылдарды елордамен байланыстырды. Бұдан бөлек, аудан ішіндегі барлық елді мекендерді қамтитын бірыңғай әлеуметтік автобус бағытын іске қосуға дайындалып жатырмыз. Тасымалдаушының шығындары бюджет есебінен субсидияланатын болады», – деді Достанбек Есжанов.

Жол инфрақұрылымымен қатар, ауданда тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ақмола облысы басшылығының қолдауымен 100 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған алғашқы отбасылар жаңа пәтерлердің кілттерін алды. Жыл басынан бері ауданда шамамен 10 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен бірге тағы бір 200 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары басталды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light rain
17.8 ° C
17.8 °
17.8 °
89 %
3.1kmh
32 %
Чт
18 °
Пт
25 °
Сб
30 °
Вс
28 °
Пн
24 °

Соңғы мақала