-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында «Халық заңгері» акциясы өтті

Ақмола облысында «Халық заңгері» акциясы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларында республикалық «Халық заңгері» акциясы өтті. Оның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заң көмегін көрсету және заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын ілгерілету, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Әділет министрлігі. Акцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, адвокаттар, нотариустар және еліміздің жетекші заңгерлері қатысты.

Азаматтарды қабылдау алаңдары тұрғындарға ыңғайлы әрі қолжетімді орындарда – мәдениет үйлерінде, ХҚКО-ларда және қоғамдық қабылдау бөлмелерінде ұйымдастырылды.

Облыс тұрғындары прокурорларға, адвокаттарға, нотариустарға, сот орындаушыларына және жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне тікелей жүгініп, өз мәселелерін талқылай алды. Бірнеше сағат ішінде мамандар ондаған өтініш қабылдады, олардың басым бөлігі еңбек, жер, тұрғын үй және отбасылық мәселелерге қатысты болды.

«Бұл акцияның басты мақсаты – азаматтарға нақты құқықтық көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Біз мұнда прокуратура өкілдерімен қатар, атқарушы органдардың мамандарын, адвокаттар мен нотариустарды да шақырдық. Халықтың көкейіндегі барлық сұрақтарға бір жерден жауап алуына мүмкіндік тудырдық», – деді Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов.

Облыс тұрғындарының айтуынша, жоғары білікті мамандардан тегін кеңес алу мүмкіндігі өмірлік маңызды мәселелерді тезірек шешуге көмектеседі.

«Мен мұрагерлік құжаттарды рәсімдеу мәселесімен келдім. Барлық мамандардың бір жерде отырғаны өте ыңғайлы екен. Маған рәсімдеу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп, құжаттарды толтыруға көмектесті. Бұл – қарапайым халық үшін үлкен қолдау», – деді Көкшетау қаласының тұрғыны Әлия Сәрсембаева.

Биыл бұл акцияның негізгі үйлестірушісі алғаш рет облыстық прокуратура болды. Іс-шараға адвокаттар алқасының, нотариат палатасының, әділет, еңбек және әлеуметтік қорғау департаменттерінің, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

«Мұндай бастамалар қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтады. «Халық заңгері» акциясы жақсы дәстүрге айналды. Біз халықтың осындай кездесулерге мұқтаж екенін, олардың мәселелері назардан тыс қалмайтынын көріп отырмыз», – деп атап өтті Ақмола облысының прокуроры.

Акция өңір тұрғындарының оң бағасын алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулерді өткізу дәстүрі жалғасын табады. Алдағы уақытта ауылдық округтерде де көшпелі қабылдаулар ұйымдастырылып, заң көмегінің барлық азаматтарға қолжетімді болуына жағдай жасалмақ.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
100 %
3kmh
97 %
Вт
1 °
Ср
5 °
Чт
6 °
Пт
-0 °
Сб
1 °

Соңғы мақала