21.3 C
Kokshetau
Басты бетБрифингЖылу, су және жол: Атбасар коммуналдық мәселелерді жүйелі шешуде

Жылу, су және жол: Атбасар коммуналдық мәселелерді жүйелі шешуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Атбасар ауданында тұрғындарды толғандыратын ең өзекті мәселелердің бірі — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әсіресе ауыз су, жылу жүйесі және жол инфрақұрылымы. Бұл бағытта 2025 жылы өмір сүру сапасын жақсарту үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

«Адамдар бірінші кезекте тұрмыстағы нақты өзгерістерді көргісі келеді: үйінде су болсын, пәтерінде жылу болсын, ауласында асфальт болсын. Біз күш-жігерімізді дәл осы бағыттарға жұмсап жатырмыз», деді Атбасар ауданының әкімі.

Аудандағы бірнеше елді мекенде су құбырларын салу және қайта жаңарту жұмыстары басталған. Новосельское ауылындағы жұмыстар тамыз айында аяқталады. Осы кезеңде Родионовка мен Калиновка ауылдарында да су құбырлары іске қосылады.

Сонымен қатар Борисовка, Самарка және Титовка ауылдарына КБМ — блокты-модульді су тазарту станциялары орнатылады. Барлық құрылғылар 1 шілдеге дейін пайдалануға беріледі.

Атбасар қаласындағы орталық қазандықта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2024–2026 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар бес жаңа көпқабатты үйді жылу жүйесіне қосу үшін жылу желілерін ауыстыру жұмыстары қатар жүруде. Қазіргі таңда екінші кезең желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

«Біз жай ғана апатты жерлерді жөндеумен шектелмейміз, қаланың өсуі мен жаңа қосылымдарды ескере отырып, ұзақ мерзімді жоспар құрып отырмыз», деді аудан әкімі.

Қаланың көшелерін жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Биыл Бірлік, Теміржол, Щорс, Өнеркәсіптік аймақ және Қажымұқан көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы ұзындығы 2,9 шақырым.

Сонымен бірге Атбасар қаласын жаңғырту бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама жаңа тұрғын үйлерге инфрақұрылым тарту жұмыстарын қамтиды. №1 шағын ауданда бес 100 пәтерлі және екі 45 пәтерлі үйге инженерлік желілер тартылуда.

«Біз тек орталықты емес, қала шетінде орналасқан аудандарды да жайлы тұрғын аймақтарға айналдыруды жоспарлап отырмыз. Кеше сай болған жерде, ертең жарық, суы бар, тротуары бар көше болуы керек»,  деді Кенеш Әлімжанов.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
21.3 ° C
21.3 °
21.3 °
59 %
3.3kmh
100 %
Ср
29 °
Чт
25 °
Пт
23 °
Сб
23 °
Вс
22 °

Соңғы мақала