-7.9 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖаттығудан кейін – роликпен сайлау учаскесіне

Жаттығудан кейін – роликпен сайлау учаскесіне

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сандықтау ауданында жас спортшылар күнді таңғы жаттығудан бастап, кейін №601 сайлау учаскесіне жол тартты. Жаттығудан соң олар роликпен сайлау учаскесіне келіп, алғаш рет дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Акцияға қатысушылардың қатарында 2008 жылы туған Никита Волосевич – биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының жүлдегері және Анастасия Кубрина – шаңғы жарысынан жастар арасындағы ел чемпионатының күміс жүлдегері бар.

Екі спортшы үшін де бүгінгі күн ерекше. Себебі олар алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасау мүмкіндігіне ие болды.

«Мен маңызды оқиғалардың әрдайым дайындық пен жаттығудан басталатынына үйренгенмін. Бүгін жаттығудан кейін бірге сайлау учаскесіне келдік. Бұл – менің алғашқы дауыс беруім. Сондықтан бұл күнді өзім өткізіп, таңдауымды жасағым келді», – деді Анастасия Кубрина.

Никита Волосевич те таңғы жаттығуды дауыс берумен ұштастыруды жөн көргенін айтты.

«Таңертең жаттығуымыз болды. Одан кейін роликпен осында келдік. Бұл – менің дауыс беруге алғаш рет қатысуым. Әрине, аздап толқып тұрмын. Сонымен бірге өзім қатысып, таңдау жасау қызықты», – деп бөлісті Никита Волосевич.

Екі жас спортшы да өз спорт түрлерінде жақсы нәтижелер көрсетіп, аудан намысын облыстық және республикалық жарыстарда қорғап жүр.

Бүгін олар спорттағы белсенділіктерін азаматтық белсенділікпен ұштастырып, алғашқы дауыс беру күнін де әдеттегі жаттығудағыдай сергек әрі белсенді бастады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-7.9 ° C
-7.9 °
-7.9 °
95 %
1.8kmh
10 %
Чт
-8 °
Пт
-2 °
Сб
2 °
Вс
5 °
Пн
4 °

Соңғы мақала