28.9 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖарқайың ауданында көшелер заманауи жарықпен қамтылып жатыр

Жарқайың ауданында көшелер заманауи жарықпен қамтылып жатыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жарқайың ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында Державинск қаласы мен ауылдық округтерде көшелерді жарықтандыру жобалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Аудан орталығы – Державинск қаласына облыстық маңызы бар Державинск–Жақсы автожолы бағытынан кіреберісте автономды көше жарықтандыру жүйесі іске қосылды. Жоба аясында күн панельдерімен жұмыс істейтін 42 заманауи жарық бағаны орнатылды. Бұл жүйе электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, қалаға кіреберістегі жол қозғалысының қауіпсіздігін едәуір жақсартты.

Мердігер ұйымның өкілі Джаваншир Меджидовтің айтуынша, барлық монтаждау жұмыстары белгіленген мерзімде және сапа талаптарына толық сәйкес аяқталған. Оның сөзінше, компания электрмонтаждау саласында 14 жылдан бері еңбек етіп келеді және ауданның сыртқы жарықтандыру жүйесіне тұрақты қызмет көрсетеді. Соның нәтижесінде бұл аумақ кешкі уақытта жарық, жайлы әрі қауіпсіз болып, жүргізушілер үшін жолды алыстан анық көруге мүмкіндік жасалды.

Қаланы көркейту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта Есіл көшесінде Смағұлов көшесінен Московская көшесіне дейінгі аралыққа жаңа жарық бағандарын орнату жоспарланған.

Державинск қаласының әкімі Заур Смағұловтың айтуынша, қолға алынған жоба қала мерейтойына орай жүзеге асырылды. Сонымен қатар алдағы кезеңде тағы екі жарықтандыру тірегін орнатып, аудан орталығындағы бір көшені толықтай жарықпен қамту көзделіп отыр. Бұл жұмыстардың барлығы жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Көшелерді жарықтандыру жұмыстары ауылдық елді мекендерде де жалғасып жатыр. Тассуат ауылында аудандық бюджеттен 3,1 миллион теңге бөлініп, Ыбырай Алтынсарин, Әліби Жангелдин және Иманов көшелеріне 10 жаңа жарық шамы орнатылды.

Ал Далабай ауылында жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен құны 5 миллион 590 мың теңгені құрайтын жоба іске асырылды. Нәтижесінде Абай және Гагарин көшелеріне 18 заманауи жарық шамы қойылып, ауыл тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға тағы бір қадам жасалды.

Жарқайың ауданында жүзеге асырылып жатқан мұндай инфрақұрылымдық жобалар елді мекендердің келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етуде.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
28.9 ° C
28.9 °
28.9 °
33 %
1kmh
0 %
Пт
31 °
Сб
29 °
Вс
29 °
Пн
33 °
Вт
25 °

Соңғы мақала