-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарВознесенка ауылында көпжылдық ауызсу мәселесі шешімін тапты

Вознесенка ауылында көпжылдық ауызсу мәселесі шешімін тапты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бұланды ауданының Вознесенка ауылында мыңға жуық тұрғын бар. Ауылда биыл су жүйесін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұған дейін ауыл тұрғындары аптасына бір рет қана тасымал суды пайдаланса, енді әр үйге жаңа ұңғымалардан тұрақты ауызсу жеткізіліп отыр, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Жобаны Бұланды аудандық құрылыс бөлімі тапсырыс беруші ретінде жүзеге асырды. Ал мердігер – «Спецстрой Групп ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмыстары Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылды.

Жаңарту барысында тұрмыстық және өртке қарсы су айдау станциялары орнатылып, су тазарту қондырғылары мен дизель генераторы іске қосылды. Бұл жабдықтар ауылды үздіксіз әрі таза сумен қамтуға мүмкіндік береді.

«Бізде су жүйесі толығымен жаңартылды. Енді сүзгінің бірнеше түрі – ірі және ұсақ тазарту, кері осмос және ультракүлгін сүзгі орнатылған. Электр қуаты өшкен жағдайда автоматты түрде дизель генераторы қосылады. Су жаңа ұңғымалардан алынады», – деді су шаруашылығы маманы Александр Лузгин.

Енді ауыл тұрғындары суды шектеусіз пайдалана алады. Бұл – көптен күткен жаңалық, себебі бұған дейін олар суды аптасына бір рет келетін көліктен алып, әр тамшысын есеппен жұмсауға мәжбүр болған.

«Біз суды қанша жыл күттік десеңізші! Бұрын суды аптасына бір-ақ рет әкелетін, үнемдеуге тура келетін. Ал қазір кранды ашсаң – таза, салқын су ағып тұр. Бұл – бәріміз үшін үлкен қуаныш. Су тартуға атсалысқан барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Енді өміріміз әлдеқайда жеңілдеді», – деп қуанышымен бөлісті ауыл тұрғыны Эрна Сонина.

Аудан әкімінің орынбасарының айтуынша, биыл Бұланды ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл Айнакөл, Партизанка, Новодонецк және Тастөбек ауылдарында жаңа су жүйелері пайдалануға берілді. Ал Отрадное, Жаңаталап, Алакөл және Никольск елді мекендерінде жұмыстар аяқталуға жақын. Осы жобалар толық іске асқанда, аудан тұрғындарының 85 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, биылдың соңына дейін елдегі барлық қала мен ауыл сапалы ауызсумен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Осындай жобалардың жүзеге асуы Ақмола облысын бұл мақсатқа барынша жақындата түседі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
100 %
3kmh
97 %
Вт
1 °
Ср
5 °
Чт
6 °
Пт
-0 °
Сб
1 °

Соңғы мақала