Сайлау күні Ақмола облысының спорт қауымдастығы өкілдері өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне келді. Олардың қатарында велоспорт жаттықтырушысы Вера Рейнгольдовна және қазақ күресінен Азия чемпионы Жасұлан Халхабаев бар, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
№692 сайлау учаскесінде көп жылдан бері велоспорт саласында жаттықтырушылық қызмет атқарып келе жатқан Вера Рейнгольдовна дауыс берді. Ол шәкірттерінің спорттық шеберлігін шыңдап қана қоймай, өз ісімен жауапкершіліктің маңызын көрсетіп келеді.
«Мен шәкірттеріме әрдайым нәтиже біздің шешімдеріміз бен әрекеттерімізге байланысты екенін айтамын. Бүгін өзім де сайлау учаскесіне келіп, таңдауымды жасадым. Меніңше, әр азамат өз пікірін білдіру мүмкіндігін пайдаланғаны маңызды», – деді Вера Рейнгольдовна.
Сондай-ақ №709 сайлау учаскесінде қазақ күресінен Азия чемпионы Жасұлан Халхабаев дауыс берді. Спортшы үшін сайлауға қатысу – өз таңдауына жауапкершілікпен қараудың тағы бір көрінісі.
«Спортта біз алдымызға мақсат қойып, нәтижеге жауап беруге үйренгенбіз. Бүгін сайлау учаскесіне өз таңдауымды жасау үшін келдім. Әр адамның өз пікірі бар және бүгін оны білдіруге мүмкіндік берілген. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдалану маңызды деп санаймын», – деді Жасұлан Халхабаев.
Осылайша, Ақмола облысының спорт қауымдастығы маңызды қоғамдық оқиғадан тыс қалған жоқ. Жаттықтырушылар мен спортшылар сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге қатысу – әр азаматтың жеке таңдауы әрі жауапкершілігі екенін өз үлгісімен көрсетті.


