Астана қаласының іргесіндегі Қоянды ауылында көшелердің құрылысы және жөндеу жұмыстары қолға алынған. Ауылдың ішкі жол желісінің жалпы ұзындығы — 180 шақырым болса, оның 35,5 шақырымына асфальт төселген, бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қала маңындағы бұл елді мекеннің халқы бүгінде 40 мыңға жуықтаған. Халық санының артуы да инфрақұрылымның жаңартылуын талап етеді. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстың маңызын атап өтіп.
«Ауыл тұрғындарының жол сапасына қатысты үміттерін жақсы түсінеміз. Сондықтан барлық техникалық талаптарды ескере отырып, жүйелі әрі кезең-кезеңімен жұмыс істеудеміз», — дейді әкім.
Ішкі жолдарды жаңғырту жұмыстары 2021 жылдан бері атқарылуда. Жобаның жалпы құны – 9,2 млрд теңге. Жөндеу жұмыстары Уәлиханов, Әл-Фараби, Жұбанов, Бөгенбай батыр және басқа да негізгі көшелерді қамтиды. Жобаға жауапты мердігер – «Ақжол Құрылыс» ЖШС.
2021–2024 жылдар аралығында 5,2 млрд теңгеден астам қаржы игеріліп, 12,6 км жол асфальтталды. Оның ішінде 3,2 км — жоғарғы қабат, 9,8 км — төменгі қабат. 2025 жылға 850 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бүгінде О.Жандосов және Болашақ көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда.
Қояндыда ұзындығы 20,9 км болатын ішкі және кіреберіс жолдарды салу бойынша жаңа жоба жүзеге асырылуда. Сметалық құны — 14,3 млрд теңге, мердігер — «АБК Автодор НС» ЖШС. 2023 жылы Болашақ 1-2, Жеңіс, Тәуелсіздік, Қабанбай, Кенесары көшелерінде 5,6 км жол асфальтталған.
2025 жылға арналған қаржыландыру көлемі — 4,2 млрд теңге. Бұл жобаның алға жылжуына елеулі серпін бермек.