15.1 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарНұрлы елді мекені ресми ауыл мәртебесін алды

Нұрлы елді мекені ресми ауыл мәртебесін алды

Сондай-ақ, оқыңыз...

2025 жылғы 1 мамырда Целиноград ауданына қарасты Нұрлы елді мекені үшін тарихи оқиға болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Ауыл ресми түрде «ауыл» мәртебесіне ие болды. Осыған орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға аудан әкімдігінің атынан әкім орынбасарлары қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады.

Мерекелік шара барысында елді мекеннің әлеуметтік-мәдени дамуына белсенді атсалысқан азаматтар арнайы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Толқынбекұлы өз құттықтауында ауылдың болашағына зор сенім білдіріп, тұрғындардың ұйымшылдығы мен белсенділігін ерекше атап өтті. Ол жаңа мәртебенің ауылдың одан әрі өркендеуіне серпін беретін маңызды қадам екенін айтты.

Қазіргі таңда Нұрлы ауылында 3 500-ден астам адам тұрады. Тұрғындар бұл жаңалықты зор қуанышпен қарсы алып, алғыстарын білдіруде. Олар ауылдың көркейіп, болашағының жарқын болатынына сенім білдіріп: «Нұрлы ауылы нұрлана берсін!» деген тілектерін жеткізді.

Бұл мәртебе елді мекеннің даму қарқынын арттырып, мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
15.1 ° C
15.1 °
15.1 °
90 %
5.3kmh
100 %
Вт
15 °
Ср
23 °
Чт
33 °
Пт
21 °
Сб
21 °

Соңғы мақала