-7.9 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарМикки Маус пен кейіпкерлер дауыс беруге келді

Микки Маус пен кейіпкерлер дауыс беруге келді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Біржан сал ауданының Степняк қаласында сайлау күні тұрғындардың назарын аударған ерекше көрініс орын алды. Дауыс беруге келгендердің қатарында танымал мультфильм кейіпкерлерінің бейнесіндегі костюм киген қатысушылар да болды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Микки Маус және басқа да сүйікті кейіпкерлердің образындағы азаматтар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Ерекше көрініс әсіресе балалардың қызығушылығын оятып, сайлау учаскесінің маңында көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды.

Кейіпкерлермен бірге суретке түскен тұрғындар үшін бұл күн ерекше естелікке айналды. Балалар Микки Мауспен фотосуретке түсіп, сүйікті кейіпкерлерін жақыннан көруге мүмкіндік алды.

«Бүгін сайлау учаскесіне ерекше көңіл күймен келуді жөн көрдік. Балаларға қуаныш сыйлап, маңызды күннің атмосферасын көтеруге өз үлесімізді қосқымыз келді. Сайлауға қатысу – әр азаматтың жауапкершілігі, ал осындай көңілді формат сол күнді есте қаларлықтай етуге мүмкіндік береді», – деді акцияға қатысушы.

Костюмдердегі кейіпкерлердің дауыс беруге келуі Степняк қаласындағы сайлау күнінің ерекше сәттерінің біріне айналды. Бұл бастама қоғамдық белсенділік пен көтеріңкі көңіл күйді ұштастырып, тұрғындарға жағымды әсер сыйлады.

Сайлау – жауапкершілік. Ал жақсы көңіл күй – сол күннің жарқын естелігі!

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-7.9 ° C
-7.9 °
-7.9 °
95 %
1.8kmh
10 %
Чт
-8 °
Пт
-2 °
Сб
2 °
Вс
5 °
Пн
4 °

Соңғы мақала