-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетау жоғары техникалық колледжі еліміздегі ең үздік колледж деп танылды

Көкшетау жоғары техникалық колледжі еліміздегі ең үздік колледж деп танылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстанда Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында алғаш рет Техникалық және кәсіптік білім күні аталып өтті. Осыған орай ел аумағында өткен халықаралық TurkicSkills-2025 чемпионатында Көкшетау жоғары техникалық колледжі жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Чемпионат қорытындысы бойынша оқу орны «Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша үздік колледж» атағына лайық деп танылды.

«Бұл марапат біз үшін үлкен құрмет. Біздің мақсатымыз – тек білікті мамандар даярлау ғана емес, сонымен қатар халықаралық тәжірибені игеру. Осы арқылы студенттеріміз тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де табысты жұмыс істей алады», – деді колледж өкілі.

Аталған номинация – білім ордасы ұжымының әлемдік тәжірибені оқу үдерісіне енгізу бағытындағы жүйелі еңбегінің лайықты бағасы. Колледж шетелдік серіктестермен белсенді байланыс орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда және өз тәжірибесімен еліміздің өзге оқу орындарымен бөлісуде.

Бүгінде Көкшетау жоғары техникалық колледжі – сұранысқа ие мамандарды даярлайтын және оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасайтын кәсіби даму орталығы болып табылады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
100 %
3kmh
97 %
Вт
1 °
Ср
5 °
Чт
6 °
Пт
-0 °
Сб
1 °

Соңғы мақала