-9.1 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарДина Жоламан сайлау күні Жақсы ауылының тұрғындарымен кездесті

Дина Жоламан сайлау күні Жақсы ауылының тұрғындарымен кездесті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Жақсы ауылындағы №477 сайлау учаскесінде дауыс беру күні «Жұлдызбен селфи» акциясы ұйымдастырылды. Кездесудің арнайы қонағы спортшы Дина Жоламан болып, ауыл тұрғындарына автограф беріп, естелікке суретке түсті, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Сайлау учаскесіне түрлі жастағы тұрғындар келіп, спортшымен жүздесуге мүмкіндік алды. Олар Дина Жоламанмен еркін әңгімелесіп, автограф алып, бірге суретке түсті. Әсіресе балалар мен жастардың қызығушылығы жоғары болды.

«Бүгін осындай маңызды күні Жақсы ауылының тұрғындарымен кездескеніме қуаныштымын. Спорт та адамдарды біріктіреді. Мұнда қолдау, өзара құрмет және алға ұмтылу маңызды. Балалармен, жастармен және ересектермен әңгімелесіп, бірге суретке түсіп, осы кездесуден шағын естелік қалдырғаныма қуаныштымын», – деді Дина Жоламан.

Автограф-сессия барысында спортшы кездесуге келген тұрғындармен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Жастар үшін бұл белгілі спортшыны жарыс кезінде ғана емес, жақыннан көріп, өзімен тілдесуге мүмкіндік берген ерекше кездесу болды.

Акция сайлау күні ұйымдастырылған іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігіне айналды. Мұндай кездесулер маңызды қоғамдық күнді түрлі мазмұнды шаралармен толықтырып, тұрғындардың басын еркін әрі жағымды атмосферада қосуға мүмкіндік береді.

Кездесуге келгендер үшін басты естелік – сүйікті спортшысымен бірге түскен сурет пен оның қолтаңбасы болса, ұйымдастырушылар үшін бұл – Жақсы ауылының тұрғындарына ерекше күнде тағы бір жарқын сәт сыйлаудың мүмкіндігі болды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
-9.1 ° C
-9.1 °
-9.1 °
94 %
1.6kmh
26 %
Пт
-1 °
Сб
3 °
Вс
4 °
Пн
5 °
Вт
2 °

Соңғы мақала