Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылындағы 45 жыл бұрын салынған ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Жөндеу «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бүгінде мәдиет ошағы жергілікті тұрғындарды түрлі іс-шараларға қабылдауға дайын заманауи мәдени кеңістікке айналды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Ұзақ уақыт бойы ғимарат апатты жағдайда болғандықтан оны пайданалу мүмкін болмаған. Нысандағы жағдай 2020 жылы Атбасар ауданы әкімдігінің бастамасымен нысанды күрделі жөндеу қажеттігі туралы қаулы қабылданған кезде өзгерді. Осы үдеріс шеңберінде ауылдық округ әкімі «Самарский-1» ЖШС қолдауымен 2022 жылы дайындалған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бастамашы болды.
Жөндеу жұмыстарына келісімшарт осы жылдың наурызында жасалды және оны жүзеге асыру 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
«Күрделі жөндеуге іргетасты бөлшектеу және нығайту, металл конструкцияларды, бағандарды, едендерді орнату, терезелер мен есіктерді ауыстыру, шатыр мен ішкі инженерлік желілерді орнату, аумақты абаттандыру және желдетуді орнату кірді. Сондай — ақ, ішкі әрлеу толығымен жаңартылды, бұл мәдени іс-шараларды өткізуге заманауи жағдай жасады», — деп хабарлады аудандық ішкі саясат бөлімі.
Ғимаратты қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін аудан әкімі «Самарский-1» ЖШС директоры Марат Бегалиновқа шексіз алғысын білдірді. Оның қолдауы мен мердігерлердің кәсібилігінің арқасында жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінде орындалды. Сондай ақ жаңартылған ғимараттың салтанатты ашылуында аудан әкімі жобаның маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстанда «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында біз ауылдық инфрақұрылымды дамытуды жалғастырудамыз. Ақан Құрманов ауылындағы мәдениет үйін жөндеу-бұл болашаққа салынған инвестиция. Енді тұрғындар мәдени іс – шаралардан ләззат алуға, ал мәдениет қызметкерлері өздерінің шығармашылық жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды», — деп атап өтті Аманбек Қалжанов.
Жалпы, Атбасар ауданы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бірлескен жұмысының арқасында өткен жылы Шуйское және Новосельское ауылдарындағы мәдениет үйлері жөнделді, аудандық мәдениет үйі ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Аудан басшысының айтуынша, алдағы жылдарға міндетті түрде жүзеге асырылатын басқа да жобалар жоспарланған.
ЕСКЕРТУ: Ұсынылып отырған мақала Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің меншігі болып саналады. Материалды көшіруге ақпарат көзіне – rsk_aqmola (авторлық құқық иесі) гиперсілтеме жасай отырып рұқсат етіледі.