28.9 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар2027 жылға дейін барлық ауыл сапалы интернетпен қамтылады

2027 жылға дейін барлық ауыл сапалы интернетпен қамтылады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстанда цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін еліміздегі барлық шалғай ауыл сапалы интернетке қосылады. Бұл бастама ауыл тұрғындарының цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету салаларының мүмкіндігін кеңейтуді көздейді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Ұлттық жобаның алғашқы нәтижелерінің бірі Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Раздольное ауылында көрініс тапты. Шамамен 80 үй, 300-ден астам тұрғыны бар елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, кең жолақты интернет іске қосылды.

Бұған дейін ауылдағы жалғыз орта мектеп Starlink спутниктік интернетін пайдаланып келген. Енді білім ордасы жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық желіге қосылып, оқушылар мен педагогтер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды.

Раздольное орта мектебінің мұғалімі Лайла Амантайдың айтуынша, жаңа жүйе жақында ғана іске қосылған. Барлық техникалық мүмкіндіктер толық іске қосылғаннан кейін цифрлық білім беру платформаларын пайдалану әлдеқайда тиімді болып, сабақ сапасын арттыруға оң ықпал етеді деп күтілуде.

Мамандардың айтуынша, Starlink пен талшықты-оптикалық интернеттің басты айырмашылығы – деректерді жеткізу тәсілінде. Starlink жүйесі интернетті жер серігі арқылы таратса, талшықты-оптикалық байланыста ақпарат арнайы оптикалық кабель арқылы беріледі. Соның арқасында интернеттің жылдамдығы жоғары, байланыс тұрақты болады және желіге түсетін жүктемеге төзімді келеді.

Мердігер ұйымның өкілі Арман Қарсақбаевтың сөзінше, тартылған талшықты-оптикалық желі мектептің барлық аумағын жоғары жылдамдықтағы тұрақты интернетпен қамтамасыз етеді. Бұл мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық білім беру ресурстарын еркін пайдалануына, сондай-ақ мектептегі барлық желілік және цифрлық жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Ақмола облысында 500-ден астам мектеп жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Оның ішінде 200-ден астам білім беру ұйымында Starlink спутниктік интернеті орнатылған. Енді өңірде талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.

Жалпы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін Ақмола облысындағы 258 ауылдық елді мекен сапалы кең жолақты интернетпен қамтылады. Бұдан бөлек, талшықты желіні жеткізу мүмкін емес 23 ауыл заманауи спутниктік технология арқылы интернетке қосылады.

Аталған жоба ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты азайтып, шалғай елді мекен тұрғындарына білім алу, кәсіп жүргізу, мемлекеттік қызметтерді пайдалану және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
28.9 ° C
28.9 °
28.9 °
33 %
1kmh
0 %
Пт
31 °
Сб
29 °
Вс
29 °
Пн
33 °
Вт
25 °

Соңғы мақала