19.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда роботтар додасы: WRO аймақтық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Көкшетауда роботтар додасы: WRO аймақтық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дүниежүзілік роботтар олимпиадасының (World Robot Olympiad) аймақтық кезеңі мәресіне жетті. Ақмола облысының түкпір-түкпірінен жиналған 50-ге жуық команда заманауи технологиялар мен өнерді ұштастырып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Биылғы олимпиаданың тақырыбы — «Robots Meet Culture». Бұл тұжырымдама қатысушылардан тек техникалық білімді ғана емес, сонымен қатар мәдени құндылықтарды инновациялық жолмен шешуді талап етті. Жас инженерлер төрт негізгі санат бойынша бақ сынап, инженерлік жобалау мен бағдарламалаудағы шеберліктерін көрсетті.

Төрешілердің шешімімен төмендегі командалар үздік деп танылып, жүлделі орындарға ие болды:

1. RoboMission (Автономды роботтар): Ойын алаңында күрделі алгоритмдер арқылы тапсырмаларды орындаудан:

  • Elementary: 3-орын – «Jana beles» (Санжар Асқатұлы, Бағжан Олар);

  • Junior: «Jana Beles» (Абзал Қалиев, Санжар Өмірәлі, Арсен Байзақов);

  • Senior: «IsakovRobotics» (Никита Полынин, Тимур Заруни).

2. Future Innovators (Инновациялық жобалар): Мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған авторлық жобалар:

  • Elementary: 2-орын – «Zhas tulga» (Айша Ахметбекова, Рояна Озат) және «Jumpers» (Холид Кабдрахманов, Ақарыс Қайдар);

  • Junior: «OyuLike» (Нұрайлым Уәлихан, Әдия Назымбекова);

  • Senior: «ChangeMakers» (Қайрат Ескен, Юсуф Мұхамбетқалиев, Даниэль Жақыпов).

3. RoboSports (Робо-теннис): Нақты уақыт режиміндегі серпінді сайыста:

  • Жеңімпаз: «Alex Pereira» (Әлинұр Успанали, Нұралы Базаров, Ерасыл Қайрат).

4. Future Engineers (Болашақ инженерлер): Автономды автомобильдерді жобалау бағытында:

  • 3-орын: «RoboFlow» (Нұрали Төлеген, Азамат Батыржан).

Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, биылғы қатысушылардың деңгейі өте жоғары. Жасөспірімдердің креативті ойлау қабілеті мен техникалық шешімдері қазылар алқасын таңғалдырды.

Аймақтық кезеңде топ жарған жеңімпаздар енді 18-19 маусым күндері Алматы қаласында өтетін WRO республикалық чемпионатында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады. Жас таланттарға республикалық додада сәттілік тілейміз!

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
19.2 ° C
19.2 °
19.2 °
37 %
6kmh
0 %
Чт
23 °
Пт
24 °
Сб
17 °
Вс
13 °
Пн
17 °

Соңғы мақала