0.4 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқкөл ауданында әлеуметтік көмек цифрландырылды

Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек цифрландырылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында әлеуметтік көмек жаңа деңгейге көтерілді. «Әлеуметтік әмиян» жобасы аз қамтылған отбасыларға азық-түлікті төмендетілген бағамен, жылдам әрі ыңғайлы түрде, артық қағазбастылықсыз сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба Ақкөл ауданында іске қосылды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Бағдарлама «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, өңірдегі ірі сауда үйлерінің бірінің базасында жүзеге асырылуда. Барлық келісімшарттар, тауар жөнелтпе құжаттары мен қаржылық операциялар ұлттық тауарларды қадағалау жүйесіне енгізілген, бұл үдерісті барынша ашық етеді.

Жобаға қатысушыларға жеке QR-кодтар беріледі — кассада төлем жасаған кезде жүйе автоматты түрде 19 әлеуметтік маңызы бар тауарға (ет, жарма, май, сүт өнімдері және басқалары) жеңілдетілген бағаны қолданады.

«Біз осы қалада бес жылдан бері жұмыс істеп келеміз және тұрғындардың жағдайын жақсы білеміз. “Әлеуметтік әмиянды” енгізу мүмкіндігі туған сәтте бірден келістік. Бұл – жай ғана бизнес емес, адамдардың өміріне қосқан үлесіміз. Енді аз қамтылған отбасылар ең қажетті азық-түлікке үнемдей алады. Біз адамдардың “дүкен біз үшін жұмыс істейді” деп сезінгенін қалаймыз», – деді сауда үйінің иесі Сергей Бойко.

Қызметті баршаға қолжетімді ету үшін цифрлық есеп жүйесі енгізілді. Жоба 1С бағдарламасымен және 12 мыңнан астам тауар қамтылған жеке онлайн-платформамен интеграцияланған.

«Өнімдерді онлайн тапсырыс беруге болады — сайт немесе WhatsApp арқылы, ал жеткізу тегін. Тіпті зейнеткерлер де бұл жүйені оңай пайдаланады: қажеттісін таңдайды, ал ақысын тауарды алған кезде төлейді. Барлығы қарапайым әрі ашық», – дейді кәсіпкер.

Ақкөл тұрғындары үшін бұл жоба нақты қолдауға айналды.

«Біз атаулы әлеуметтік көмек аламыз, енді азық-түлікті төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігі туды. Керегіңнің бәрін — нан, сүт, көкөніс, май — жеңілдікпен аласың. Қағазбастылық жоқ, ешқандай ыңғайсыздық жоқ. QR-кодыңды көрсетесің — жеңілдік бірден түседі. Балалары бар отбасылар үшін бұл үлкен көмек, әр тиынның маңызы зор», – дейді көп балалы ана Мария Нагорняк.

Қазір жоба 13 отбасын қамтып отыр және ауқымын кеңейтіп келеді. Сауда үйі акциялар, балаларға арналған байқаулар, спорттық шаралар ұйымдастырып, тегін жеткізу қызметін дамытуды жалғастыруда. Уақыт өте келе бұл қызмет аймақтың басқа қалаларын да қамтитын болады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
0.4 ° C
0.4 °
0.4 °
80 %
4kmh
98 %
Сб
3 °
Вс
4 °
Пн
1 °
Вт
2 °
Ср
4 °

Соңғы мақала