-1.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында қызылша ауруының 225 жағдайы тіркелді

Ақмола облысында қызылша ауруының 225 жағдайы тіркелді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы брифинг барысында облыстың Бас санитарлық дәрігері Серік Омарханов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, биылғы жылдың тоғыз айында туляремия, құтыру, полиомиелит және өзге де аса қауіпті инфекциялар тіркелмеген.

Аурушаңдықтың бірқатар инфекциялар бойынша төмендеу үрдісі байқалады. Олардың қатарында көкжөтел, қызылша, қызамық, А гепатиті және сальмонеллез бар. Мұндай оң нәтижелер жоспарлы екпе жұмыстарын жүргізу мен медициналық қызметтердің жүйелі профилактикалық іс-шараларының арқасында мүмкін болды.

Серік Омархановтың айтуынша, жалпы жағдайдың тұрақтылығына қарамастан, кейбір аурулар бойынша өсім байқалады. Атап айтқанда, нақтыланбаған ішек инфекциялары, қотыр және Лайма ауруының тіркелу жағдайлары артқан. Барлық жағдайлар бақылауға алынып, жергілікті жерлерде профилактикалық шаралар күшейтілген.

«Эпидемиологиялық жағдайдың қолайлы болуы – бұл медицина қызметкерлерінің, билік органдары мен тұрғындардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біз екпе салу процесін цифрлық бақылауды дамытып, халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейтудеміз», – деді санитарлық дәрігер.

Қазір өңірде тұмауға қарсы вакцинация науқаны жалғасуда. 85 мың доза Гриппол+ вакцинасын сатып алу арқасында тұрғындардың 11 пайызы екпемен қамтылады деп жоспарланған. Тек қыркүйек айының өзінде 16 мыңнан астам адамға екпе салынды.

Қызылша мен көкжөтелдің алдын алуға да ерекше көңіл бөлінуде. Тоғыз айдың ішінде қызылшаның 225 жағдайы тіркелді — бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен төрт есе аз. Науқастардың басым бөлігі вакцина алмаған адамдар. Осыған байланысты профилактикалық екпелерді цифрлық есепке алу жүйесі енгізіліп, медицина қызметкерлеріне қосымша оқыту жүргізілуде.

А гепатиті бойынша да оң динамика байқалады: биыл алты жағдай тіркелсе, өткен жылы олардың саны 12 болған. Барлық науқастар вакцина алмаған.

Аурулардың алдын алу және вакцинациялау жұмыстары облыс әкімінің орынбасары Айнагүл Әмренованың төрағалығымен жұмыс істейтін өңірлік штабтың тұрақты бақылауында. Штаб отырыстарында халықты вакцинамен қамту, маусымдық инфекциялардың алдын алу және санитарлық бақылау мәселелері қаралады.

 

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-1.8 ° C
-1.8 °
-1.8 °
93 %
3kmh
100 %
Вс
-2 °
Пн
-8 °
Вт
-18 °
Ср
-15 °
Чт
-11 °

Соңғы мақала