17.5 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҰлттық кітап күні – ұлт руханиятының мерекесі

Ұлттық кітап күні – ұлт руханиятының мерекесі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні атап өтілді. Бұл күні түрлі шаралар өткізіліп, кітап оқудың маңыздылығы дәріптеле түсті. Көкшетаудағы облыстық кітапхана да кітап сүйер қауым үшін, меркелік концерт ұйымдастырып, тұрақты оқырмандарын марапаттады.

Бұл мерекені  күнтізбеге енгізу идеясын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық құрылтайда ресми түрде бекітті. Ел Президенті өз сөзінде: «Біз жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятуымыз керек, сонда ғана кітап оқитын ел боламыз», – деп атап өткен болатын.

«Кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатындағы бұл мереке ел тұрғындарын оқу арқылы рухани байытуға, білімге құштарлықты арттыруға бағытталған. Бұл күннің басты мақсаты – кітапты тек ақпарат көзі ретінде емес, ұлттық тәрбиенің, тұлғалық дамудың маңызды құралы ретінде таныту», дейді кітапхана мамандары.

Ақмола облысында аталған күнге орай  ұйымдастырылған шаралар 14 сәуірден басталған.   Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада «Kitap Avenue» онкүндігі өтті. Фестиваль аясында патриоттық оқулар, әдеби кештер, кітап дефилесі, әдеби пікірталастар, Lingva Room сияқты түрлі форматтағы креативті шаралар ұйымдастырылды.

Ал, бүгін, фестиваль қорытындысында «Үздік оқырман–2025» және «Онкүндік іс-шараларының тұрақты қатысушысы» номинациялары бойынша белсенді оқырмандар марапатталды. 9 жасар тұрақты оқырман Жанель Әкібайдың жетістігі – жас буынның кітапқа деген қызығушылығының айқын дәлелі.

«Мен қазақ тілінде жазылған тарихи кітаптарды жақсы көремін. қанша кітап оқығаным нақты есімде жоқ, бірақ олардың саны оннан асады. Бүгін марапат пен сыйлық алып қуанып тұрмын», деді жас оқырман.

Кітапхана қызметкерлері мен ұстаздар да бұл күннің маңыздылығын атап өтті. Мектеп кітапханашысы  Сәуле Азенова балаларды кітап оқуға тарту бағытындағы жұмыстары жайлы бөлісіп, олардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін түрлі шаралар өткізетіндіктерін айтты.

Кітапхана маманы Жадыра Әубәкірова  кітапханаға келушілердің саны күн санап артып келе жатқанын  қуана жеткізді. Ол гаджет дәуірінде де кітаптың қадірі жоғалмағанын айтуда. Сондай ақ  барша кітап сүйер қауымды ұлттық кітап күнімен құттықтап, кітапханаға  келуге шақырды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
17.5 ° C
17.5 °
17.5 °
50 %
6kmh
100 %
Сб
25 °
Вс
15 °
Пн
23 °
Вт
7 °
Ср
14 °

Соңғы мақала