15.1 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Кітап – ұлттың рухани тірегі»: Ақмолада ерекше форматтағы «Кітапхана түні» өтті

«Кітап – ұлттың рухани тірегі»: Ақмолада ерекше форматтағы «Кітапхана түні» өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 18 сәуір күні «Кітап – ұлттың рухани тірегі» атты республикалық фестиваль аясында ерекше форматтағы «Кітапхана түні – Ночь в библиотеке» акциясы ұйымдастырылды. Ауқымды мәдени шара 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай өткізілген фестивальдің бесінші күнін айрықша етіп, кітапхана қонақтарына жарқын әсер сыйлады.

Бұл кеште кітапхананың барлық залдары шығармашылық пен таным алаңына айналды. Әрбір бөлім өзіндік мазмұнмен ерекшеленіп, келушілерге әдебиет пен өнер әлемінің жаңа қырын танытты.

Кітапхананың бірінші қабатында мәдениет және өнер қайраткерлерінің мерейтойларына, жергілікті жазушылардың шығармашылығына, сондай-ақ сирек және құнды кітаптарға арналған мазмұнды көрмелер жұртшылықтың назарын аударды.
Шетел әдебиеттері бөлімінде ұлттық нақышта безендірілген қытай шай рәсімі – Chinese Tea Ceremony өткізілді. Қонақтар шайдан дәм татып қана қоймай, мыңжылдық тарихы бар дәстүрдің философиялық маңызымен танысты. Бұл рәсім үйлесімділік, тыныштық пен құрметке негізделген даосизм мен буддизм идеяларымен сабақтас.

Сәкен сері Жүнісов атындағы конференц-залда өткен әдеби сән көрсетілімі жастардың шығармашылығын танытты. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері заманауи үлгіде әзірленген ұлттық киімдерді ұсынды. Шарада оқытушы, дизайнер Гүлжазира Хавдыразақ шығармашылық жолы мен жоспарларымен бөлісті.

Оқырмандар залында студенттерге арналған әдеби квест-ойын ұйымдастырылды. Жас оқырмандар логикалық ойлау қабілеті мен әдебиет саласындағы білімін сынап, жедел ақпарат табудың тиімді жолдарын үйренді.

Балалар әдебиеті бөлімінде ұйымдастырылған поэтикалық алаң жас қаламгерлер үшін шабытына шабыт қосатын кеңістікке айналды.

Кеш барысында кітапхана қызметтері туралы ақпараттық материалдар таратылып, келген қонақтар рухани бай мазмұндағы іс-шарадан мол әсер алды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
15.1 ° C
15.1 °
15.1 °
90 %
5.3kmh
100 %
Вт
15 °
Ср
23 °
Чт
33 °
Пт
21 °
Сб
21 °

Соңғы мақала