21.3 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті

Көкшетауда мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

 Ақмола өңірінде мәдениет қашан да халықтың рухы мен жады, жан дүниесінің тірі тынысы болып қала бермек. Осы орайда Көкшетау қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, рухани қазынамызды қалыптастырып, сақтап жүрген ондаған талант иелері лайықты марапатқа ие болды.

Ақмола облысы еліміздегі мәдениет саласының маңызды орталықтарының бірі ретінде тағы бір мәрте өз мәртебесін дәлелдеді. Өңірдің дарынды өнерпаздары мен мәдениет майталмандары тек ел ішінде ғана емес, шетелде де жоғары бағаланып жүр. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар тұлғалар марапатталды.

Атап айтқанда, Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жетекші актері Қайрат Мамытұлы Мырзаболатовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Ал облыстық орыс драма театрының актрисасы Людмила Витальевна Скуратова «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, еңбегі ел деңгейінде бағаланған Диана Алтайқызына Президенттің Алғыс хаты табыс етілді. 40 жылдан астам уақытын осы салаға арнаған Үкілі Ыбырай атындағы филармония ардагері Мара Қарапияқызы Есмұханова «Еңбек ардагері» медалін иеленді.

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен 15 жылдан астам еңбек өтілі бар және мәдениетті дамытуға айрықша үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. Олардың қатарында Үкілі Ыбырай атындағы филармонияның қобызшысы Құралай Әшімбекқызы Бекмолдина мен облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Асылбек Қайырбекұлы Әбенов бар. Ал Көкшетау қаласының тарихы музейінің қор сақтаушысы Ольга Викторовна Сартова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды.

Салтанатты рәсімде ерекше құрметке ие болғандардың бірі – Целиноград аудандық мәдениет үйінің 70 жастағы хореографы Ерсін Жүсіпов. Ол би өнеріне 50 жылдан астам өмірін арнап, шәкірттерімен түсірілген бейнежазба арқылы кең аудиторияға танымал болды. Ерсін Жүсіпов – тек хореограф емес, көптеген дарынды бишілерді тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. Оның «Ақбота» би ансамблі «Халықтық» атағын иеленіп, Целиноград ауданының символына айналды.

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, олардың еңбегінің маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, облыстың өнер иелері халықаралық сахналарда ел намысын лайықты қорғап, ұлттық мәдениетті әлемге танытып жүр.

Кәсіби мереке аясында алғаш рет Германияда – Франкфурт пен Штутгарт қалаларында Ақмола облысының шығармашылық кештері өтті. Бағдарламада «Шапағат» медалінің иегері Аягөз Қалмағанбетова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты этно-фольклорлық «Orda» тобы мен дәстүрлі жас әнші Замзагүл Смағұлова өнер көрсетті. Бұл шаралар өңірдің халықаралық мәдени байланыстарын кеңейтуге жол ашты.

«Қазіргі таңда облыс бойынша мәдениет саласында 3493 маман жұмыс істейді. Олардың қатарында «Халық әртісі», «Құрмет», «Парасат», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» сынды жоғары марапат иелері бар. Өңірде 127 көркемөнерпаздар ұжымы бар, олардың құрамында 3100-ден астам адам өнер көрсетеді. Көпшілігі халықаралық деңгейде мойындалып, аймақтың жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеп жүр», — деді Елдос Рамазанов.

Сонымен қатар, өңір мәдениетінің дамуына V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысқан 700-ден астам мәдениет қызметкері де айтарлықтай үлес қосты.
Соңғы үш жылда республикалық және облыстық бюджет есебінен 8 жаңа мәдени нысан бой көтеріп, 78 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілді. Олардың қатарында Бастау, Балкашино ауылдарындағы жастарға арналған демалыс орталықтары, Тайбай, Олжабай, Бузулук, Баратай ауылдарындағы мәдениет үйлері бар. Жақын арада Щучинск қаласында 400 орындық Мәдениет үйі мен Жібек Жолы ауылында демалыс орталығы ашылмақ.

Цифрландыру да өңір мәдениетінің басты бағыттарының біріне айналды. Музейлерде «АС-Музей» ақпараттық жүйесі енгізіліп, аудиогид-қосымша іске қосылған. Қазіргі таңда 38 мыңнан астам жәдігер цифрлық форматқа көшіріліп, бұл негізгі қордың 45 пайызын құрайды. 400-ден астам тарихи-мәдени ескерткішке QR-кодтар орнатылып, 45 киелі нысан бойынша 3D-турлар мен бейнешолулар жасалған.

Көкше топырағында дүниеге келген Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан Шолақ сынды тарихи тұлғалардың мұрасын сақтау – басты назарда. Олардың құрметіне «Ән ордасы – Көкшетау» атты антология жарық көрді. Онда әр автордың 10 шығармасы, ноталары және заманауи MP3 нұсқалары қамтылған.
Аймақ мәдениетінде театр өнерінің де орны бөлек. «СӘЛЕМ» және «ТеАРТ-Көкше» фестивальдері халықаралық деңгейде мойындалып, оннан астам елдің қатысуымен өтті. Сондай-ақ, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған «Мәңгілік тұлғалар» атты республикалық музейлер фестивалі алғаш рет ұйымдастырылып, оның аясында түрлі өңірлерден келген қатысушылардың көрмелері ұсынылды.

Айтыс өнерін дамыту жолында өңір белсенді жұмыс атқаруда. Өткен жылы ақын Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған халықаралық айтыс өткізілсе, биыл 12 дәстүрлі әншілер мен жыршы-термешілер фестивалі, 2 халықаралық театр фестивалі, 5 ғылыми-тәжірибелік конференция, 100-ден астам кітап көрмесі мен әдеби кештер, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлеріне арналған 10 көшпелі көрме өткізу жоспарланып отыр.

Көкшетау қаласындағы Мәдениет сарайының ұжымдары, «Көкшетау», «Шалқыма», «Он алты қыз», «Сувенир» би ансамбльдері мен облыстық филармония және театр солистері халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жоғары бағаға ие болып, ұлттық өнерімізді жаһандық деңгейде танытып келеді. Олардың шығармашылық жетістіктері — дәстүр мен заманауи өнердің үйлесімді үлгісі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
21.3 ° C
21.3 °
21.3 °
59 %
3.3kmh
100 %
Ср
29 °
Чт
25 °
Пт
23 °
Сб
23 °
Вс
22 °

Соңғы мақала