25.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАтбасар ауданы инвестиция мен құрылыс саласында тұрақты өсім көрсетуде

Атбасар ауданы инвестиция мен құрылыс саласында тұрақты өсім көрсетуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Атбасар ауданы инвестиция және құрылыс саласында қарқынды дамып келеді. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 миллиард теңгеге жуықтап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Инвестициялардың негізгі бағыттары — инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу және жылу жүйелерін жаңғырту.

«Инвестиция дегеніміз – жай ғана ақша емес, бұл нақты құрылыстар, мектептер, техника және жұмыс орындары. Біздің міндетіміз – осы қаражатты халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға айналдыру, – деп толықтырды  Кенеш Алимжанов.

Ауданда ірі өндірістік жобалармен қатар, шағын сәулеттік нысандар да қарқынды салынуда: дүкендер, кафе, қоймалар мен кеңселер пайдалануға беріліп жатыр.

Қаңтар–сәуір айларында 1371 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. №1 шағын ауданда жеті көпқабатты үйге, соның ішінде бес 100 пәтерлі үйге инженерлік желілер тарту жұмыстары аяқталды.

Атбасар қаласын жаңғырту бағдарламасына ерекше көңіл бөлінуде. Қазірдің өзінде екі 45 пәтерлі және екі 100 пәтерлі жаңа үйге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, түзетулер енгізілуде. Жобалардың жалпы құны – шамамен 4 миллиард теңге.

«Біз жеке құрылыс компанияларын тартуды және оларды инфрақұрылыммен қолдауды жоспарлап отырмыз. Реновация – бұл жай үйлерді ауыстыру емес, қалалық ортаны кешенді жаңарту, – деп атап өтті аудан әкімі.

Жыл соңына дейін тағы тоғыз инвестициялық нысан іске қосылады. Олардың қатарында: тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары, моншалар, кафелер және ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға арналған ферма бар. Тек тұрғын үй құрылысына ғана 200 миллион теңгеден астам инвестиция құйылған.

Сондай-ақ, ауданда жылыжай кешендері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін нысандарды іске қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа жалпы ауданы 483 гектар болатын жер телімдері бөлінген.

«Біз инвесторларға тек жер ғана емес, сонымен бірге инфрақұрылымды, ыңғайлы логистиканы, еңбек ресурстарын және барлық деңгейдегі қолдауды ұсынып отырмыз, – деп қорытындылады аудан басшысы.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
25.2 ° C
25.2 °
25.2 °
38 %
3kmh
0 %
Пт
25 °
Сб
27 °
Вс
26 °
Пн
28 °
Вт
30 °

Соңғы мақала