-2.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Сондай-ақ, оқыңыз...

1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін  адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұлтуралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының басдәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімініңмеңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникацияларқызметінен.

Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.

«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуғамүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назараударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.

Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.

«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды  Құрманбек Бұрмағанов.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында,жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтугебағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекшеназар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуденөте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда600-ге жуық адам жиналады.

«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілерарқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн.Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адамбарлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алужәне түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өттіпрофилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.

Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып,   кездейсоқбайланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды.

ЕСКЕРТУ: Ұсынылып отырған мақала Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің меншігі болып саналады. Материалды көшіруге ақпарат көзіне – rsk_aqmola (авторлық құқық иесі) гиперсілтеме жасай отырып рұқсат етіледі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
-2.2 ° C
-2.2 °
-2.2 °
89 %
3kmh
100 %
Ср
-2 °
Чт
-0 °
Пт
-4 °
Сб
-3 °
Вс
-2 °

Соңғы мақала