Ақмола облысында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың көпшілігіне байланысты, тұрақты эпидемиологиялық жағдай сақталуда, алайда көкжөтел, қызылша сынды аурумен сырқаттанушылардың саны өскен. Бұл туралы брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Вакцинациянауқанытоптардың76,5% -ын қамтуға қол жеткізді, бұл ДДҰ ұсынған деңгейден (79-83%) төмен. Облыста вакцинациядан 1368-ге жуық бас тарту тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% — ға аз. Бас тартудың негізгі себептеріне жеке сенімдер, діни көзқарастар және вакциналарға сенімсіздік жатады.
«Жыл басынан бері тіркелген көк жөтел ауруының көбеюі ерекше алаңдаушылық туғызады. Деседе, расталған жағдайлардың саны 9,3 есе өсіп, 56-ға жетті, оның ішінде орта есеппен алғанда 87,5% зертханалық расталды. Ауру көбінесе бір жасқа дейінгі балаларда кездеседі (шамамен 47%-ы). 14 жасқа дейінгі 53 баланың 91% — ы вакцинацияланбаған, оның 54,2 % — ы вакцинациядан бас тартқан. Көкшетау(22жағдай) және Бурабай ауданында(18жағдай) көкжөтелдің ең көп саны тіркелді», — деді Айнагүл Мусина.
Сондай-ақ, биылғы жылы қызылшамен сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсуі тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда жағдайлардың саны 15,9 есеге артып, 874-кедейін жеткен болатын. 14 жасқа дейінгі науқастардың 68,8% — ы бас тарту себебінен вакцинацияланбаған. Көкшетау және Қосшы қалаларында сырқаттанушылықтың ең көп өсуі байқалды. Қазан айында қосымша жаппай иммундау нәтижесінде жағдайдың санын нөлге дейін төмендету салдарына қарамастан, жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туды.
«Барлық егулер Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі және міндетті түрде тегін болып табылады. Осы күнтізбеге сәйкес, вакцинация бала туылғаннан бастап қана қоймай, туберкулезге, В гепатитіне, полиомиелитке, көкжөтелге, қызылшаға және басқа да инфекцияларға қарсы вакциналарды ұсынады. Вакцинация және ревакцинация бастауыш және мектеп жасын қамтиды, әрі қарай дифтерия мен сіреспеге қарсы екпелерді әр 10 жыл сайын қайталау қажет», — деп толықтырды Айнагүл Мусина.
Сонымен қатар, қыркүйектен бастап Қазақстанда адампапилломавирусына қарсы вакцинация басталды. Науқан аясында аймақта 11-13 жас аралығындағы 2897 қыз баласына екпе егілді. Вакцинацияланған жағдайлардың арасында жағымсыз салдар тіркелген жоқ.
«Вакцинация жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдісі болып қала береді. Ақмола облысы санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ата — аналарды өз балаларын ықтималдығы жоғары әрі қауіпті инфекциялардан қорғау және өңірде ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейін қолдау үшін оларды уақтылы егуді қамтамасыз етуге шақырады», — деп түйіндеді спикер.
ЕСКЕРТУ: Ұсынылып отырған мақала Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің меншігі болып саналады. Материалды көшіруге ақпарат көзіне – rsk_aqmola (авторлық құқық иесі) гиперсілтеме жасай отырып рұқсат етіледі.