-9.1 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында ЖРВИ-дің алдын алу шаралары жалғасуда

Ақмола облысында ЖРВИ-дің алдын алу шаралары жалғасуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алу, сондай-ақ маусымдық ЖРВИ мен тұмауға қарсы күрес мәселелері талқыланды. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің айтуынша, вакцинация жұқпалы аурулардан және олардың ауыр асқынуларынан қорғанудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып қала береді. Аурушаңдықтың төмендеуі немесе жекелеген инфекциялардың тіркелмеуі екпе алудың қажеттілігі жойылды дегенді білдірмейді. Керісінше, вакцинациямен қамтудың жоғары деңгейі өңірдегі эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

«Ауру жағдайларының тіркелмеуі вакцинацияға деген қажеттілік жойылды дегенді білдірмейді. Керісінше, инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін халықты иммундаумен жоғары деңгейде қамту маңызды. Екпеден бас тарту инфекциялардың қайта өршу қаупін арттырады», – деп атап өтті Серік Омарханов.

2026 жылдың 9 айында Ақмола облысында көкжөтелдің 18 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Былтыр осы уақытта 9 жағдай анықталған. Ауырғандардың барлығы – балалар, оның ішінде бір жасқа дейінгі 7 сәби бар. 18 науқастың 15-і көкжөтелге қарсы екпе алмаған. Олардың 14-інде вакцинациядан бас тарту себебінен екпе жасалмаса, бір балаға медициналық қарсы көрсетілім болған.

Қызылшаға қатысты жағдай бойынша да вакцинацияның маңызы ерекше. 2026 жылдың 9 айында облыста зертханалық жолмен расталған 182 жағдай тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 225 болған. Осылайша, аурушаңдық 19,1%-ға төмендеген. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 23,5 жағдайды құрады.

Мамандардың мәліметінше, науқастар арасында екпе алмаған және вакцинацияның толық курсын аяқтамаған азаматтар бар. Екпенің болмауының негізгі себептерінің бірі – ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы. Бұл көрсеткіштер қызылшаға қарсы вакцинацияның тек балалар үшін ғана емес, барлық жас санатындағы азаматтар үшін маңызды екенін көрсетеді.

Күзгі-қысқы эпидемиялық маусымда жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу жұмыстары да жалғасуда.

2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусым басталғалы бері Ақмола облысында ЖРВИ-дің 15 196 жағдайы тіркелген. Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1 969,9 жағдайды құрады. Өткен жылдың сәйкес эпидемиялық кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 1,2 есеге артқан. Ол кезде 12 482 жағдай тіркелген болатын. Дегенмен соңғы аптада аурушаңдықтың төмендеуі байқалады. 42-аптада 4 211 жағдай тіркелсе, 41-аптада бұл көрсеткіш 5 443 болған. Яғни, аурушаңдық 1,3 есеге азайған. Эпидемиологиялық шекті деңгейден асу тіркелмеген.

Маусымдық профилактиканың негізгі бағыттарының бірі – тұмауға қарсы вакцинация. Биыл облыста қауіп тобындағы 66 230 адамды вакцинациялау жоспарланған. Бүгінгі таңда 35 105 адам екпе алған. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 53%-ын құрайды. Иммундау жұмыстары жалғасуда.

Мамандар тұмауға қарсы вакцина аурудың және оның ауыр асқынуларының даму қаупін төмендететінін атап өтті. Алайда ол ЖРВИ қоздырғыштарының барлығынан қорғамайтындықтан, қосымша профилактикалық шараларды сақтау маңызды.

Осыған байланысты тұрғындарға бөлмелерді жиі желдету, қолды сабынмен жуу, жөтелген немесе түшкірген кезде ауыз бен мұрынды жабу және науқас адамдармен жақын қарым-қатынастан аулақ болу ұсынылады. ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда үйде қалып, медициналық көмекке жүгіну қажет. Ал ата-аналарға сырқаттанған балаларды балабақша мен мектепке жібермеу ескертіледі.

«Вакцинация – қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Әрбір азамат екпені уақытылы алып, жеке гигиена талаптарын сақтауы керек. Бұл тек өзінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді», – деді облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
-9.1 ° C
-9.1 °
-9.1 °
94 %
1.6kmh
26 %
Пт
-1 °
Сб
3 °
Вс
4 °
Пн
5 °
Вт
2 °

Соңғы мақала