14.9 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысындағы жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты бақылауда

Ақмола облысындағы жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты бақылауда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жалпы алғанда тұрақты сипатқа ие. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың денсаулығын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары мен вакцинация жұмыстары инфекциялық аурулардың таралуын тежеуге мүмкіндік беруде.Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникацилар қызметінен.

Биылғы жылдың алғашқы бес айында облыс аумағында бірқатар аса қауіпті және вакцина арқылы басқарылатын инфекциялар тіркелмеген. Атап айтқанда, полиомиелит, сіреспе, дифтерия, гемофильді инфекция, қызылшаға қатысты бірқатар көрсеткіштер бақылауда. Сонымен қатар безгек, альвеококкоз, трихинеллез, іш сүзегі, менингококк инфекциясы және басқа да бірқатар жұқпалы аурулар бойынша жағдай тұрақты сақталып отыр.

Кейбір инфекциялар бойынша аурушаңдық деңгейінің төмендегені байқалады. Мәселен, қызылша, көкжөтел, желшешек, созылмалы вирустық гепатиттер, лямблиоз, қышыма және туберкулез бойынша өткен жылмен салыстырғанда төмендеу бар.

Сонымен бірге мамандар қызылшаға қатысты жағдай әлі де ерекше бақылауды қажет ететінін атап өтуде. Жыл басынан бері облыста зертханалық жолмен расталған қызылшаның бірнеше жағдайы тіркелген. Аурушаңдықтың негізгі бөлігі Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданына тиесілі.

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың ерекшелігі – соңғы кезеңде ауру көбіне ересектер мен жасөспірімдер арасында байқалуда. Мамандардың айтуынша, бұл бұрынғы жылдары жоспарлы иммундаумен жеткілікті қамтылмаған немесе екпе мәртебесі белгісіз азаматтардың болуымен байланысты.

Ауру тіркелген азаматтардың арасында екпе алмаған, толық вакцинация курсынан өтпеген немесе вакцинация туралы мәліметі жоқ адамдардың үлесі жоғары болып отыр. Бұл жағдай инфекцияның таралу қаупін арттырады.

«Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Әсіресе қызылша сияқты тез таралатын инфекциялар кезінде халықтың екпе алу деңгейі өте маңызды. Әр азамат өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет», – деді Серік Омарханов.

Көкжөтел бойынша да жағдай мамандар бақылауында. Биыл бұл инфекция бойынша тіркелген жағдайлар өткен жылмен салыстырғанда азайған. Ауру негізінен балалар арасында кездескен, олардың көпшілігі вакцина алмағандар.

Сонымен қатар облыста өткір ішек инфекциялары бойынша өсім байқалған. Осыған байланысты санитариялық талаптарды сақтау, жеке гигиена ережелерін орындау маңызды болып отыр.

Мамандар тұрғындарға тамақтанар алдында және сырттан келгеннен кейін қолды мұқият жууға, таза ауызсу пайдалануға, жеміс-жидек пен көкөністерді жақсылап жууға кеңес береді. Сондай-ақ тағам өнімдерін дұрыс сақтау және тек ресми сауда орындарынан сатып алу қажет.

Жұқпалы аурулардың алдын алуда вакцинациямен қатар, күнделікті санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау да үлкен рөл атқарады. Мамандар алғашқы белгілер байқалған жағдайда уақыт жоғалтпай, медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

Алдын алу шараларын кешенді түрде орындау Ақмола облысындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға және инфекциялардың таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
few clouds
14.9 ° C
14.9 °
14.9 °
84 %
2.5kmh
12 %
Пн
15 °
Вт
20 °
Ср
22 °
Чт
19 °
Пт
20 °

Соңғы мақала