Жаркайың ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауылдық елді мекендерді жарықтандыру жобаларын іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Пятигорское ауылында көше жарығын орнату жұмыстары толық аяқталды. Атап айтқанда: Д.Жабаев көшесінде 10 шам орнатылды; С.Сейфуллин көшесінде 5 шам орнатылды; А.Молдағұлова көшесінде 5 шам орнатылды.
Жобаның жалпы құны 6,2 млн теңгені құрады. Жұмыстар жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен жүргізілді. Мердігер — «Веничук» ЖК жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтады.
Львовское ауылында жарықтандыру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жоба аясында Ленин, Целинная, Строителей және Набережная көшелерінде құны 9 млн теңге болатын 30 жарықтандыру тірегін орнату қарастырылған. Бүгінгі таңда Ленин және Целинная көшелерінде 15 тірек орнатылып қойды. Жұмыстарды «Меджидов и К» ЖШС атқаруда. Бұл жоба да жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен қаржыландырылуда.
Мұндай жобаларды іске асыру елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындары үшін жайлы өмір сүру жағдайын жасауға мүмкіндік береді.


