13.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарСтепногорск оқушысы Рим төрінде Қазақстан намысын қорғайды

Степногорск оқушысы Рим төрінде Қазақстан намысын қорғайды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының жас дарындары әлемдік деңгейдегі биіктерді бағындыруды жалғастыруда. Степногорск қаласының тумасы Тоқтар Жанәлі Түркияның Анталья қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық чемпионатында топ жарып, І орын иеленді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Бұл жеңіс жас өренге Италияның Рим қаласында өтетін робототехникадан Әлем чемпионатына ресми жолдама сыйлады. №3 А. Пушкин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Жанәлінің бұл жетістігі — өңіріміздегі білім саласы мен цифрландыру бағытының дұрыс дамып келе жатқанының айқын дәлелі.

Оқушының халықаралық додада жеңіске жетуі — ұстаздың еңбегі, ата-ананың сенімі және демеушілердің қолдауының ортақ жемісі. Жетекшісі Талғат Әкімбаевтың кәсіби біліктілігі шәкірттің әлемдік деңгейде еркін бәсекеге түсуіне жол ашты.

Жеңістен соң Жанәлі өз әсерімен бөлісіп, алдағы мақсаттарын атап өтті:

«Түркиядағы жарыста Қазақстанның туын көтергенде ерекше мақтаныш сезімі болды. Робототехника — бұл тек технология емес, бұл — болашақ. Ендігі мақсатым — Римде өтетін Әлем чемпионатында еліміздің намысын абыроймен қорғап, көк туымызды Италия төрінде желбірету. Маған сенім артқан ұстаздарыма және демеушілерге алғысым шексіз», — дейді Тоқтар Жанәлі.

Сондай-ақ, талантты жастың шетелдік додаға баруына жағдай жасаған меценаттық қолдаудың арқасында Степногорск білімі әлемдік аренада танылуда.

Римдегі Әлем чемпионаты — бұл жай ғана жарыс емес, бұл әлемнің ең мықты жас инженерлері бас қосатын алаң. Степногорск өренінің мұндай деңгейге көтерілуі — аймақ үшін үлкен мақтаныш.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
13.2 ° C
13.2 °
13.2 °
38 %
5kmh
0 %
Пн
14 °
Вт
17 °
Ср
22 °
Чт
22 °
Пт
19 °

Соңғы мақала