12.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Qalqan» платформасының іске қосылуы: Ақмола облысындағы медициналық ұйымдардың 62%-ы цифрландырылды

«Qalqan» платформасының іске қосылуы: Ақмола облысындағы медициналық ұйымдардың 62%-ы цифрландырылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыс әкімдігінде денсаулық сақтау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Тұрмағанбет өңірдегі 60 медициналық ұйымның 37-сі (62%-ы) «Qalqan» ақпараттық жүйесіне сәтті көшірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС және ТМККК шеңберінде жұмыс істейтін Қазақстанның барлық медициналық ұйымдары таяу арада бірыңғай «Qalqan» цифрлық платформасына өтуі тиіс. Бұл жүйе қаржылық ашықтық пен медициналық қызметтерді негізсіз жазып қою (приписки) фактілерімен күресу есебінен қаражатты үнемдеуді көздейді.

Т.Тұрмағанбет Ақмола облысындағы медициналық мекемелерді цифрландыру қарқыны туралы былай деді:

«Бүгінгі таңда медициналық ұйымдар өздерінің өндірістік базаларын цифрландыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Өңірдегі емдеу мекемелерінің 62%-ы бұл процестен өтті. Дегенмен, жұмысты тежейтін екі негізгі мәселе бар. Олар — әлі пайдалануға берілмеген жаңа өндірістік базалар және рұқсат беру құжаттарының (СЭС қорытындылары, техникалық құжаттар және т.б.) болмауы».

«Qalqan» жүйесі қызметтерді тексеру және шығындарды бақылау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің, ӘМСҚ-ның, Қаржы министрлігінің және медициналық ұйымдардың деректерін біріктіріп, бірыңғай цифрлық контур құрады.

Жүйе клиникалардың электронды досьесін қалыптастырып, лицензияларды автоматты түрде тексереді, сатып алуларды, «антифрод» бақылауды (алаяқтықпен күрес) және төлемдерді автоматтандырады. Сонымен қатар, пациенттің ауруханаға жатқан кезінен бастап, оған жұмсалған шығындарға дейінгі жолын қадағалап отырады.

Платформа медициналық ақпараттық жүйелерді алмастырмайды, тек қаржылық есепке алу үшін оларды бір арнаға біріктіреді. Ұйымдардың тәуекелдер бойынша рейтингі шашыраңқы деректерден арылуға және бюджетті тиімді басқаруға көмектеседі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
12.2 ° C
12.2 °
12.2 °
37 %
6kmh
0 %
Пн
14 °
Вт
17 °
Ср
22 °
Чт
22 °
Пт
19 °

Соңғы мақала