10.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЦелиноградта егіс алқаптары ұлғайды

Целиноградта егіс алқаптары ұлғайды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Целиноград ауданында биылғы жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл аудан диқандары егіс алқаптарын кеңейтіп, аграрлық маусымды жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отыр, деп хабаралайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Жалпы егіс көлемі 262 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 219 мың гектарға дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, ал 30 мың гектарға майлы дақылдар себіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемінің ұлғайғанын көрсетеді.

Айта кетейік, өткен жылғы егіс науқанының қорытындысы бойынша аудан бойынша жалпы егіс көлемі 261 мың гектарды құраған. Оның ішінде 216,3 мың гектарға дәнді дақылдар, 23,8 мың гектарға майлы дақылдар егілген. Сонымен қатар картоп пен көкөніс дақылдары 146 гектардан астам аумақты қамтыған еді.

Биылғы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тұқым қорымен толық қамтамасыз етілген. Жалпы көлемі 28 мың тонна тұқым дайындалып, оның басым бөлігі зертханалық тексеруден өтіп, талаптарға сай екені расталды.

Егіс жұмыстарына 780-нен астам трактор мен 1032 дәнсепкіш қатысады. Қазіргі таңда техниканың шамамен 80 пайызы толық дайын. Сонымен қатар шаруашылықтар жағар-жанармай және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етіліп жатыр.

Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Сагинтаев Мәулет жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызын атап өтті:

«Бүгінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Тұқым, техника және жанар-жағармай бойынша қажетті қор толық қамтамасыз етілген. Бұл – егіс науқанын сапалы әрі уақытылы өткізуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Сонымен қатар, аграршыларды қолдау мақсатында «Кеңдала 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиелеу жалғасуда. Бұл шаралар шаруашылықтардың қаржылық тұрақтылығын нығайтып, көктемгі жұмыстарды уақтылы бастауға жағдай жасап отыр.

«Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шаруалар өз жұмыстарын сенімді жоспарлап, өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік алып отыр», – деп толықтырды бөлім басшысы.

Жалпы алғанда, Целиноград ауданында көктемгі егіс науқанына дайындық барлық бағыт бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Бұл өңірдің аграрлық әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына серпін береді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light rain
10.2 ° C
10.2 °
10.2 °
93 %
4kmh
100 %
Вт
10 °
Ср
12 °
Чт
10 °
Пт
4 °
Сб
13 °

Соңғы мақала