-9.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарӨрт қауіпсіздігі – басты басымдық: Ерейментауда жаңа модульдік өрт сөндіру бөлімі ашылды

Өрт қауіпсіздігі – басты басымдық: Ерейментауда жаңа модульдік өрт сөндіру бөлімі ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысындағы Ерейментау қаласында заманауи талаптарға сай модульдік өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов арнайы қатысып, өңірдегі өрт қауіпсіздігін нығайту бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Іс-шараға Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов, азаматтық қорғау саласының ардагерлері, төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы және жергілікті тұрғындар жиналды.

Жаңа бөлімше бұрын 1985 жылы салынған өрт сөндіру ғимаратының орнына жаңғыртылып отыр. Қырық жылға жуық пайдаланылған ескі нысан заманауи талаптарға сай келмеген. Ал жаңартылған бөлімше бүгінде 26 мыңнан астам тұрғыны бар 32 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Модульдік өрт сөндіру бөлімі қажетті барлық инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұнда оқу сыныптары, демалыс және тұрмыстық бөлмелер, қызметкерлердің дене дайындығын жетілдіруге арналған «Batyr team» спорт залы жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде жеке құрамның кәсіби дайындығын арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрі сапалы әрекет етуге жағдай жасайды.

Ашылу рәсімі аясында Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру қызметіне жоғары өтімді арнайы автокөліктер мен жаңа өрт сөндіру автоцистернасының кілттерін табыстады. Бұл техника қолайсыз жол және климаттық жағдайларда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарына белсенді атсалысқан азаматтарға алғыс хаттар берілді.

Ерейментаудағы жаңа өрт сөндіру бөлімі – тек инфрақұрылымдық жоба ғана емес, өңір тұрғындарының өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама төтенше жағдайлардың алдын алуда және жедел әрекет етуде үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
-9.8 ° C
-9.8 °
-9.8 °
57 %
6kmh
69 %
Пт
-10 °
Сб
-6 °
Вс
-5 °
Пн
-1 °
Вт
1 °

Соңғы мақала