-14.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында Есіл контрреттегішінің құрылысы басталмақ

Ақмола облысында Есіл контрреттегішінің құрылысы басталмақ

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өңірде су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба – Есіл контрреттегішінің құрылысы жүзеге асырылады. Осыған байланысты облыс әкімдігінде арнайы жиын өтіп, жобаның іске асу барысы мен алдағы жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов, Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан, сондай-ақ салалық мекемелердің өкілдері қатысты. Жиын барысында жол картасын әзірлеу және құрылыс жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу мәселелері қарастырылды. Жоспарға сәйкес, ауқымды гидротехникалық нысанның құрылысы 2026 жылы басталады.

Жобаның негізгі мақсаты – Ақмола облысының Есіл және Жарқайың аудандарында жыл сайын қайталанатын көктемгі су тасқынының алдын алу. Контрреттегіш іске қосылған жағдайда тасқынның шарықтау шегін 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасалады.

Айта кетейік, жоба өткен жылы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Оның жалпы құны шамамен 103 миллиард теңгені құрайды. Жобаға сәйкес су қоймасының ұзындығы 80 шақырымға жуық, ал ені 17 шақырым болады.

Контрреттегіштің жалпы сыйымдылығы 873 миллион текше метрге дейін жетіп, көктемгі тасқын кезінде Есіл өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуін тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде елді мекендер мен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

«Қазіргі таңда Азия даму банкімен меморандумға қол қойылды. Жобаны қаржыландыру мәселелері бойынша келіссөздер жалғасып жатыр. Сәуір айында банктің жұмыс тобы келіп, жоба аумағы мен елді мекендерге тексеру жүргізеді. Сонымен қатар іске асыруды үйлестіру үшін министрліктер, “Қазсушар” және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған ведомствоаралық жұмыс тобы құрылады», – деді «Қазсушар» РМК жобалық офисінің басшысы Диас Оразбеков.

Қазақстанның су саласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, Есіл контрреттегішінің құрылысы 2028 жылы толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Аталған жоба өңірдің су қауіпсіздігін арттырып, табиғи апаттардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
-14.8 ° C
-14.8 °
-14.8 °
72 %
14kmh
75 %
Ср
-14 °
Чт
-14 °
Пт
-10 °
Сб
-6 °
Вс
-5 °

Соңғы мақала