-1.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысы көміртекті бастамаларды дамытуда жаңа белеске көтерілуде

Ақмола облысы көміртекті бастамаларды дамытуда жаңа белеске көтерілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстың көміртек секторы – өңірдің экологиялық жауапкершілігі мен экономикалық даму жолындағы айқын көрінісі.Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан Біріккен Ұлттар Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдерімен кездесіп, көміртекті сектордағы жобаларды іске асыру жолдарын талқылады, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Кездесуге облыстық мүдделі ведомстволардың өкілдері де қатысты, олардың міндеті – жобаларға қатысу шарттарын нақтылау және іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру.

БҰҰДБ өкілдері климаттың өзгеру салдарын азайтуға бағытталған жұмыс Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әсіресе орман және ауыл шаруашылығы салаларында көміртекті жобаларға шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып отыр.

«Шетелдік инвесторлар Қазақстанда орман өсіруге қызығушылық танытуда. Ол үшін Ақмола облысында жобаның талаптарына толық сәйкес келетін аумақтар бар, атап айтқанда, Атбасар ауданындағы Жабай өзенінің алқабы. Жоба өңірге инвестиция тартады, жұмыс орындарын құрады және экологиялық жағдайды жақсартады», – деді БҰҰДБ көміртекті нарықтар бойынша бас техникалық кеңесшісі Йохан Ниландер.

 

 

Өңірде экологиялық жобаларды іске асыруда айтарлықтай әлеуетке ие. Облыстың орман қоры 405,1 мың гектарды құрайды, ал 2025 жылы орман питомниктерінде қылқан жапырақты және жапырақты ағаш тұқымдарының себуі 25 гектар жерге жүргізілді. Қазіргі уақытта облыста 11 орман питомнигі жұмыс істеп, жыл сайын 10 миллионнан астам көшет өсірілуде. Бұл көрсеткіш облыстың экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталған жұмыстарын айқын көрсетеді.

Мұрат Балпан мүдделі ведомстволарға жобадағы қатысу шарттарын қарауды тапсырды. Ол сондай-ақ, көміртекті жобаларды жүзеге асыру арқылы өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, жұмыс орындарын ашу және инвестиция тарту мүмкіндіктеріне ерекше мән берді.

Осылайша, Ақмола облысы көміртекті секторды дамыта отырып, климатқа жағымды әсер ететін және экономикалық тиімділікті арттыратын жобаларды белсенді іске асыруда. Бұл бастамалар тек өңір үшін емес, жалпы Қазақстан үшін де маңызды қадам болып отыр.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
-1.7 ° C
-1.7 °
-1.7 °
86 %
6.9kmh
100 %
Чт
-0 °
Пт
-13 °
Сб
-11 °
Вс
-5 °
Пн
-4 °

Соңғы мақала