-4.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАуыл шаруашылығына қолдау мен жаңа мүмкіндіктер

Ауыл шаруашылығына қолдау мен жаңа мүмкіндіктер

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ерейментау ауданында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Балпанның қатысуымен ауыл шаруашылығы саласына арналған маңызды жиын өтті. Кездесуге салалық басқармалардың басшылары қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы және жергілікті шаруалардың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Жиын барысында «Кең дала 2» бағдарламасы мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы несие алған борышкерлермен жеке кездесулер ұйымдастырылды. Онда көктемгі егіс пен күзгі орақ науқандарына алынған қаражатты қайтару тәртібі қаралып, әрбір қарыз алушы бойынша нақты өтеу мерзімдері белгіленді.

Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асу барысына ерекше назар аударылды. Бағдарлама аясында Ақмола облысына республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде Ерейментау ауданында 90 жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның 50-ден астамы мал шаруашылығы бағытына тиесілі.

Бұдан бөлек, «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы аудан аумағында жылқы, қой және ірі қара мал өсіру, сондай-ақ бордақылау алаңдарын дамыту бағытында 8 жоба іске асырылуда.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Балпан Марат Сағатұлы жергілікті атқарушы органдарға мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде Ерейментау ауданында ет кластерін қалыптастыруға бағытталған жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-4.8 ° C
-4.8 °
-4.8 °
50 %
0kmh
0 %
Вс
-5 °
Пн
-13 °
Вт
-13 °
Ср
-4 °
Чт
-2 °

Соңғы мақала