-26.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Заң және тәртіп»: Степногорск мектептерінде құқықтық тәрбие күшейтілуде

«Заң және тәртіп»: Степногорск мектептерінде құқықтық тәрбие күшейтілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Степногорск қаласында Мемлекет басшысы ұсынған «Заң және тәртіп» басты қағидасын іске асыру бағытындағы жұмыстар кең ауқымда жүргізілуде. Аталған бастама аясында қаладағы 21 мектептің барлығында оқушыларға арналған «Прокурор сағаттары» ұйымдастырылып келеді, деп мәлімдейді Өңірлік Коммуникациялар қызметіннен.

Бұл кездесулердің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және мектептерде қауіпсіз, тәртіпті орта құру. Шаралар Степногорск қаласының прокуратурасымен бірлесіп өткізіліп, оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге бағытталған.

«Прокурор сағаттары» дәстүрлі лекция түрінде емес, еркін сұхбат форматында өтуде. Прокуратура қызметкерлері оқушылармен тікелей диалог орнатып, оларды толғандыратын сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауап береді. Кездесулер барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп, заңды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік нақты өмірлік мысалдар арқылы түсіндіріледі.

Сонымен қатар мамандар оқушыларға қиын жағдайға тап болған кезде заң аясында қалай әрекет ету керектігін, қай мекемелерге жүгіну қажеттігін айтып, маңызды құқықтық кеңестер береді.

Бұл бастама арқылы оқушылар заңның тек жазалау құралы емес, ең алдымен адам құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға арналған механизм екенін терең түсіне бастады. Мұндай жүйелі жұмыстар мектептерде буллингтің, құқық бұзушылықтың алдын алуға, балалардың өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінуіне мүмкіндік беріп отыр.

«Заң мен тәртіп үстемдік еткен жерде ғана тұрақтылық пен даму болады. Біздің мақсатымыз – әрбір оқушыға заңның мәнін түсіндіріп, оларды жауапты әрі адал азамат етіп тәрбиелеу», – дейді Степногорск қаласының білім бөлімінің өкілдері.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
smoke
-26.8 ° C
-26.8 °
-26.8 °
76 %
0kmh
14 %
Вт
-18 °
Ср
-10 °
Чт
-8 °
Пт
-3 °
Сб
-5 °

Соңғы мақала