-25.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚосшыда бір ауысымда 1000 адам қабылдайтын жаңа поликлиника ашылды

Қосшыда бір ауысымда 1000 адам қабылдайтын жаңа поликлиника ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қосшы қаласында заманауи, кең және мүмкіндігі мол жаңа поликлиника өз жұмысын бастады. Бір ауысымда 1000 адам қабылдай алатын бұл нысан – қала тұрғындары үшін маңызды әрі көптен күткен жоба. Ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды. «VIAMEDIS KOSSHY» компаниясы салған бұл медициналық нысанға шамамен 30 млрд теңге көлемінде қаржы бағытталған.

«Бұл – мемлекет пен жеке сектор арасындағы серіктестіктің нақты нәтижесі. Біз халыққа сапалы, қолжетімді қызмет көрсетуге басымдық бердік. Поликлиника заманауи технологиялармен жабдықталып, тұрғындардың сұранысын толық қанағаттандыруға дайын»,- «Viamedis» ЖШС бас директоры Әсет Ахметов.

5 қабатты ғимараттың жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метр. Поликлиника толық дайын: ішкі әрлеу, инженерлік желілер жүргізілген, заманауи құрал-жабдықтар мен жаңа жиһаздар орнатылған. Мұнда алғашқы көмек, жоспарлы, мамандандырылған және жоғары технологиялық қызметтер көрсетіледі.

«Жобаның аясында техникалық құрал-жабдықтарды Көкшетаудағы көпбейінді ауданаралық ауруханаға сәйкес келтіру маңызды болды — барлық техника бір типті және бір өндірушіден алынған. Бұл медициналық мамандарға екі ұйымда да оқып, жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, медициналық көмек сапасын арттыруға және қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Медициналық кешен аумағында 350 төсек-орынға арналған көпбейінді стационар мен 50 төсек оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Болашақта онкология, онкохирургия, химиотерапия, сәулелік терапия, жүрек-қан тамырлары және нейрохирургия, босандыру, шұғыл көмек көрсетіледі. Стационарды 2026 жылдың үшінші тоқсанында іске қосу жоспарланған.

Жоба аясында «ақылды клиника» жүйесі енгізіліп, барлық процестер бір цифрлық панель арқылы басқарылатын болады. Сондай-ақ клиника жанынан өз білім беру академиясы да жұмыс істейді. Жалпы емхана мен стационарда 700-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады, медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй мен пансионат салу да жоспарланған.

Жаңа емхана Қосшы қаласының тұрғындарымен қатар көршілес аудандардың – Шортанды, Ерейментау, Егіндікөл, Аршалы, Қорғалжын, Целиноград және Астрахан – 100 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.

Іс-шара барысында қатысушылар поликлиника мен стационардың жұмысымен танысып, мамандармен пікір алмасты. Олардың қатарында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, әлеуметтік медициналық сақтандыру филиалының басшылары, сондай-ақ тәжірибелі дәрігерлер мен қоғамдық кеңес өкілдері болды.

Іс-шара соңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтті:

«Осындай ауқымды жобалардың ең басты құндылығы – осы ғимаратта жұмыс істейтін медицина қызметкерлері. Барлық жақсы өзгерістердің артында сіздердің күнделікті еңбектеріңіз тұр. Мемлекет үшін басты мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету және медицина мамандарына қолайлы жағдай жасау. Алғашқы рет мемлекет пен жеке меншік арасында инвестиция тартуға арналған үлкен жобаның аясында, осындай нысан бой көтеріп отыр, халыққа қызмет көрсетуге дайындалып жатыр.Бұл жоба – Ақмола облысында алғаш рет жүзеге асырылып отырған үлкен бастама», – деді министр.

Сонымен қатар жас мамандар да өз әсерлерімен бөлісті. Солардың бірі – «дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы келген дәрігер Ботагөз Құсайдарова:

«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында бүгін осында жұмыс істеп жатырмын. Бұл бағдарлама жастарға үлкен мүмкіндік береді. “Viamedis” ұжымына алғысым шексіз, жастардың кәсіби дамуына мүмкіндік жасап отыр. Жастарға айтарым – қорықпай келіңіздер!»-деді жас дәрігер.

Жалпы алғанда, Қосшыдағы жаңа поликлиника мен болашақ стационар – қаланың және өңірдің денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеретін маңызды жоба.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-25.8 ° C
-25.8 °
-25.8 °
84 %
4kmh
0 %
Чт
-27 °
Пт
-21 °
Сб
-15 °
Вс
-13 °
Пн
-14 °

Соңғы мақала