-28.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарУчаскелік инспектор әрдайым қасыңызда: Көкшетауда құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүргізіледі

Учаскелік инспектор әрдайым қасыңызда: Көкшетауда құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүргізіледі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласында учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғын аудандардың қауіпсіздігін арттыру бағытында күнделікті жұмыс атқаруда. Қала тұрғындары учаскелік инспекторлармен аула-ауланы аралау, азаматтарды қабылдау және үй чаттары арқылы тікелей байланыса алады. Бұл туралы Көкшетау қаласының жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Азамат Метаев мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммункациялар қызметінен.

Оның айтуынша, қалада 49 учаскелік инспектор мен 10 көмекші қызмет етеді, 10 полицияның тірек пункті жұмыс істейді, тағы бір тірек пункті Қызылжар ауылында орналасқан.

«Күн сайын таңертең учаскелік инспекторлармен жиналыс өткіземіз, түнгі және күндізгі оқиғаларды талқылаймыз. Осыдан кейін инспекторлар өз бекітілген учаскелеріне шығады», – деді Азамат Метаев.

Көкшетауда тіркелетін құқық бұзушылықтардың басым бөлігі отбасылық-тұрмыстық жанжалдармен, ұсақ бұзақылықпен және түнгі уақытта тыныштықты бұзумен байланысты. Мұндай жағдайлар барлық құқық бұзушылықтардың шамамен 73 пайызын құрайды. Олардың алдын алу аула-ауланы аралау, азаматтардың өтініштерін қабылдау және үй чаттарымен жұмыс істеу арқылы жүзеге асырылады.

«Біз тұрмыстық деңгейдегі құқық бұзушылықтарды анықтап, көршілермен сөйлесеміз, сауалнама жүргіземіз. Бұл проблемаларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді спикер.

Дәстүрлі жұмыс тәсілдерімен қатар, учаскелік инспекторлар заманауи технологияларды да қолдануда. Өткен жылдың соңынан бастап есепте тұрған адамдарға электронды бақылау құралдары, планшеттер мен бейнетіркегіштер енгізілді, ал құжат айналымы толықтай электронды форматқа көшірілді. Қажет болған жағдайда хабар-ошарсыз кеткен балаларды іздестіру немесе абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау үшін дрондар мен «Қазақтелекомның» цифрлық жүйелері пайдаланылады.

Алаяқтықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Учаскелік инспекторлар күн сайын тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратады және интернет-алаяқтықтың кең тараған тәсілдерін түсіндіреді.

«Жалғыз тұратын қарт адамдардың үйлерін аралап, ақпараттық материалдар тараттық, түсіндіру әңгімелерін өткіздік. Мұндай жұмыс күн сайын жүргізіледі», – деп атап өтті Азамат Метаев.

Қала тұрғындары учаскелік инспекторларға үй чаттары, тірек пункттердің телефон нөмірлері арқылы, сондай-ақ күн сайын сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін өтетін жеке қабылдаулар кезінде тікелей жүгіне алады. Спикердің айтуынша, жұмыстың ашықтығы мен халықпен тығыз байланыс ауыр қылмыстардың алдын алуға және полицияға деген сенімді арттыруға ықпал етеді.

«Егер тұрғындар мәселелер туралы уақытында хабарласа, біз жанжалдардың, зорлық-зомбылықтың және басқа да ауыр қылмыстардың алдын ала аламыз. Халықты ашық болуға шақырамын: тірек пункттерге келіңіздер, қоңырау шалыңыздар, WhatsApp арқылы жазыңыздар. Жеке келмей-ақ ақпарат беруге болады», – деп түйіндеді ол.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-28.8 ° C
-28.8 °
-28.8 °
76 %
2kmh
0 %
Ср
-29 °
Чт
-20 °
Пт
-19 °
Сб
-15 °
Вс
-14 °

Соңғы мақала