-12.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында тұтынушылар құқықтарын қорғау: профильдік департаменттің рөлі мен қызметі

Ақмола облысында тұтынушылар құқықтарын қорғау: профильдік департаменттің рөлі мен қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз...

2025 жылы сауда мен тұтынушылар құқықтарын бұзған 200-ден астам кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың кейбіріне ескерту берілген, ал 100-ден астам кәсіпкер 2,2 миллион теңгеден астам айыппұл төледі. Бұл туралы брифинг барысында департамент басшысы Ерлан Әубәкіров мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Департамент сот істерінде де белсенді болды. 11 айда 15 сот ісіне үшінші тұлға ретінде қатысты. Сот шешімі бойынша тұтынушыларға 9,9 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Бұл Департаменттің тұтынушылар мүдделерін қорғаудағы тиімділігін көрсетеді.

«Біз заң талаптарын бұзған әр кәсіпкерді анықтап, тұтынушы алдындағы жауапкершілікті қамтамасыз етеміз», – деді Ерлан Әубәкіров.

«Сапалы Өнім» жобасы аясында департамент отандық өндірушілерді қолдап, ішкі нарықты қорғап, тауар сапасын арттыруды жалғастыруда. Мысалы, «Тұтынушыларды қорғау» қоғамдық бірлестігі өнімдерді тексеріп, 17 жағдайда маркировка талаптарын бұзғаны үшін 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Ақпараттық жұмыс та белсенді жүргізілді. Биыл БАҚ-та 205 материал жарияланып, әлеуметтік желілерде 2 715-тен астам хабарлама таратылды. Департамент мемлекеттік және жергілікті органдармен, кәсіпкерлер палатасымен, бизнес пен БАҚ-пен бірге құқықтық мәдениетті көтеруге күш жұмсады. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызды өнімдер бағасын тұрақтандыру және жалға алу төлемін реттеу үшін меморандумдар жасалды.

«Береке Fest» акциясы арқылы өнім бағаларын тұрақтандыру, отандық өндірушілерді қолдау және халыққа азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.

«Бұл акция халық үшін тиімді, бағаларды тұрақтандырады және жергілікті өндірушілерге қолдау береді», – деп атап өтті Ерлан Әубәкіров.

Көкшетаудағы «Шығыс» базары да жаңғыртылды. Жобаның жалпы құны 700 миллион теңгеден асты. Жаңғырту нәтижесінде 65 жаңа жұмыс орны құрылып, күн сайын мыңнан астам тұтынушы қызмет алды. Сонымен қатар, отандық өнімдердің ассортименті кеңейіп, сауда инфрақұрылымы мен қызмет сапасы жақсарды.

Жалпы, 2025 жылы Ақмола облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтті, нарықтағы адал сауданы қамтамасыз етті, отандық өндірушілерді қолдады және халыққа сапалы өнімдерді қолжетімді етті.

«Біздің басты міндетіміз – әрбір тұтынушыға сенімділік пен әділдік қамтамасыз ету», – деп қорытындылады Ерлан Әубәкіров.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-12.8 ° C
-12.8 °
-12.8 °
78 %
8kmh
100 %
Пн
-12 °
Вт
-17 °
Ср
-14 °
Чт
-9 °
Пт
-5 °

Соңғы мақала