Биыл Жарқайың ауданындағы ауыл шаруашылығы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, өңірдің экономикалық өсімінің басты қозғаушы күшіне айналды. Аудан аграрлары дәнді дақылдардың рекордтық көлемін – шамамен 900 мың тонна өнім жинады. Гектарына орташа 15 центнер өнімділік көрсеткіші ауданға «Дәнді дақылдарды бастыру бойынша көшбасшы» номинациясын әперді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Алайда жетістіктер мұнымен шектелмейді. Қазірдің өзінде келесі ауыл шаруашылығы маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. 88 мың гектар пар алқабы өңделіп, 105 мың гектар сүдігер жыртылды, сондай-ақ 66 мың гектарға жететін тұқым дайындалды. Полевой жұмыстардың үздіксіз жүруі үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 17 500 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Бұдан бөлек, «Кең Дала-2» бағдарламасы аясында 12 млрд теңгеден асатын сомаға 100-ден астам өтінім берілді. Бұл – аграрлық секторға көрсетіліп отырған ауқымды қолдаудың айқын дәлелі.
Аудандағы шаруашылықтарды дамытуға және кооперациялық байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Табысты жұмыс істеп келе жатқан шаруашылықтардың қатарында:«АБС Жарколь», «Дихан-4», «Темірлан», «Заңғар 2008», «Алин Агро» ЖШС-лері, сондай-ақ «Альмира», «Колос», «Атай» шаруа қожалықтары бар. Бұл кәсіпорындар – ұйымшылдықтың, тұрақтылықтың және жоғары кәсібиліктің үлгісі. Олар жаңа жұмыс орындарын ашып, тек ауданның емес, бүкіл облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосып отыр.
Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадыраков атап өтті:
«Жарқайың ауданының жеткен нәтижелері – бүкіл облысымыздың ортақ жетістігі. Аграрларымыздың күнделікті ерен еңбегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өңір экономикасын нығайтуға да үлкен үлес қосуда», – деді Нұрбек Бадыраков.
Жыл сайын жүргізілетін дайындық жұмыстары мен ауыл шаруашылығы техникасын уақтылы жаңарту Жарқайың ауданына болашаққа сеніммен қарауға, тұрақтылықты сақтап, өнімділікті арттыра түсуге мүмкіндік беріп отыр.


