-0.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифингӨңірдің 780 су айдыны бақылауда: балық қорын қорғау жұмыстары күшейді

Өңірдің 780 су айдыны бақылауда: балық қорын қорғау жұмыстары күшейді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында балық шаруашылығы саласын дамыту және су айдындарындағы балық қорын сақтау бағытындағы жұмыстар биыл да қарқынды жүргізілді. Сала мамандарының мәліметінше, өңір аумағында бүгінде 780-ге жуық су айдыны бар. Оның 633-і – жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы бойынша балық инспекциясы басшысының орынбасары Нұрлан Төлеген мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

2025 жылы инспекция қызметкерлері балық ресурстарын қорғау мақсатында кең көлемді бақылау-қадағалау шараларын атқарды. Табиғат қорғау заңнамасының сақталуын тексеру барысында жүздеген әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Белгіленген тәртіпті бұзған тұлғаларға жалпы сомасы 8,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

«Балық қорын қорғауда құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен бірлескен әрекеттердің маңызы зор. Уылдырық шашу кезеңінде арнайы жоспар бойынша 120-дан аса рейд өткізілді. Бұл өз кезегінде су айдындарындағы жағдайды бақылауға, сондай-ақ заңсыз балық аулаудың алдын алуға мүмкіндік берді»,-деді Нұрлан Төлеген.

Сонымен қатар, облыста өндірістік балық аулау да бақылауда.

«2024 жылдың екінші жартысына бекітілген аулау лимитінің 63 пайызы орындалды. Сонымен қатар, су айдындарын жас балықпен толықтыру жұмыстары тұрақты жүргізілді. Бір ғана жылдың ішінде 34 миллионнан астам балық шабағы жіберілген»,-деп қосты спикер.

Инспекция балық шаруашылығы субъектілерінің міндеттемелерін орындауын да қатаң бақылайды. Бірқатар кәсіпорындардың жоспарларды уақытында орындамағаны анықталып, оларға тиісті ұсыныстар берілді. Кейбірімен жасалған келісімшарттар бұзылғандығы туралы мәлімделді.

Спикердің мәлімдеуінше, балық шаруашылығындағы бақылау жүйесі біртіндеп цифрландырылып жатыр. Бұл есептілік пен мониторинг жүргізуді жеңілдетіп, жұмыстың тиімділігін арттыруға жол ашады.

Жалпы, Ақмола облысының су айдындарындағы балық қоры ерекше бақылауда тұр. Қабылданып жатқан шаралар балық ресурстарын сақтау, заңсыз аулауға жол бермеу және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Инспекция мамандары осы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
86 %
3kmh
75 %
Сб
0 °
Вс
-1 °
Пн
-3 °
Вт
-17 °
Ср
-13 °

Соңғы мақала