-1.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жалғасуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында бедеулік мәселесімен күрес және отбасыларға ата-ана болу мүмкіндігін кеңейту мақсатында «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

2020 жылдан бастап облыста бірқатар маңызды ұйымдастырушылық қадамдар жасалды. Алдымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында отбасы жоспарлау кабинеттері ашылып, арнайы бұйрықпен жауапты мамандар бекітілді.
Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен Көпсалалы облыстық аурухана ВРТ қызметін үйлестіруші жетекші медициналық ұйым ретінде белгіленді.

2021 жылы облыста бедеулік диагнозы бар азаматтардың тізімі нақтыланып, «Диспансерлік науқастардың электронды тіркелімі» жүйесіне енгізілді. Бүгінде облыста 645 әйел және 69 ер адам бедеулік диагнозымен есепте тұр.

«Аңсаған сәби» бағдарламасының талаптары мен мүмкіндіктерін түсіндіру үшін селекторлық семинар өткізіліп, облыстық жоспар әзірленді.
Осы ретте мамандар бағдарламаның маңыздылығын ерекше атап өтеді.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы – бедеулік диагнозымен күресіп жүрген көптеген отбасылар үшін үлкен үміт. Біз үшін ең басты мақсат – әр отбасының балалы болу арманына қолдау көрсету. Бағдарлама арқылы көрсетілетін медициналық көмек көлемі жыл сайын артып, қолжетімділігі жақсарып келеді», – дейді Көкшетау қалалық емханасының акушерия және гинекология жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Жұлдыз Алпилам.

Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобымен бірлесіп, «Аңсаған сәби» бағдарламасын одан әрі тиімді орындауға бағытталған жаңа іс-шаралар жоспары әзірленіп жатыр.

Президент Жолдауына сәйкес, 2021 жылдан бастап жыл сайын 7000 ЭКҰ квотасы бөлінеді. Бұл өңірдегі жүздеген отбасы үшін шынайы мүмкіндік.
Ақмола облысында бағдарлама аясындағы жұмыс жалғасып, ата-ана болуды армандаған отбасыларға көмек көрсету бағытындағы қолдау кеңейіп келеді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-1.8 ° C
-1.8 °
-1.8 °
80 %
6kmh
100 %
Пт
-2 °
Сб
0 °
Вс
1 °
Пн
3 °
Вт
2 °

Соңғы мақала