-1.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында салық жүйесінде ірі өзгерістер енгізіледі

Ақмола облысында салық жүйесінде ірі өзгерістер енгізіледі

Сондай-ақ, оқыңыз...

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ол корпоративтік табыс салығы (КТС) мен жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты бірнеше маңызды жаңалықтарды қамтиды. Бұл туралы брифинг барысында Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Жаңартылған кодекс бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер тізімінен мемлекеттік орта білім беретін мектептер алынып тасталды. Сонымен қатар кіріс құрылымы өзгеріп, кірістер мен экономикалық пайдалар бөлек баптар бойынша есептелетін болды.

Кодекс корпоративтік табыс салығына сараланған ставкаларды енгізді. Жалпы бизнес үшін ставка бұрынғыдай 20 пайыз болып қалды. Ал банк қызметі мен ойын бизнесіне ставка 25 пайызға жетеді.

«Әлеуметтік саладағы ұйымдар үшін жеңілдетілген ставка 2026 жылдан бастап 5 пайызға, 2027 жылдан бастап 10 пайызға көтеріледі. Ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін компаниялар үшін де төмендетілген мөлшерлемелер сақталған», – деп атап өтті Бауыржан Шайкенов.

Салық салынатын кірісті азайту ережелеріне де өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін кірістер енді есепке алынбайды. Борыштық бағалы қағаздардан пайда болған құн өсімі кіріс ретінде есептеледі.

Кейбір салық жеңілдіктері енді қолданылмайды. Мысалы, қайта ұйымдастыру кезінде берілетін инвестициялық преференциялар, мемлекеттік кәсіпорындар арасындағы мүлікті беру кезіндегі түзетулер және банк қарыздарын тоқтатқан кездегі жеңілдіктер жойылды. Дегенмен кейбір негізгі жеңілдіктер сақталды. Оларға арнайы экономикалық аймақтар, “Астана Хаб” қатысушылары, теңіз жүк тасымалы саласы және ұлттық фильм өндірісі жатады.

Жеке табыс салығы да өзгереді. Азаматтардың табысына прогрессивті ставка қолданылады. Егер табыс жылына 35 миллион теңгеден аспаса, салық 10 пайыз болады. Ал 35 миллионнан асатын табысқа 15 пайыз ставка қолданылады.

«Жеке практикамен айналысатын мамандар, мысалы нотариустар мен адвокаттар, 9 пайыздық ставкамен салық төлейді. Дивидендтер бойынша да жаңа ереже бар: белгіленген межеден аспайтын дивидендтер 5 пайызбен салынады, одан асатын сомаға 15 пайыз ставка қолданылады. Кәсіпкерлер мен фермерлер үшін табысқа қарай 10 және 15 пайыздық мөлшерлемелер бекітілген»,-деді басшының орынбасары.

Жеке тұлғаларға берілетін салықтық шегерімдер тізімі кеңейтілген. Әлеуметтік жағынан осал топтарға берілетін жеңілдіктердің көлемі артты. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар үшін шегерім мөлшері көбейді. Сондай-ақ стандартты шегерім енгізіліп, оның көлемі айына 30 АЕК-ке дейін ұлғайды. Бұл өзгеріс салық әкімшілендіруді жеңілдетуге бағытталған. Зейнетақы төлемдері мен біржолғы зейнетақы жинақтарына салынатын жеке табыс салығы енді алынбайды.

«Жаңа кодекс салық салу жүйесін әділ және ашық етуге мүмкіндік береді. Біз азаматтар мен кәсіпкерлер үшін процесті қарапайым әрі түсінікті етуге күш салдық», – деді орынбасар.

Ол әлеуметтік жағынан осал топтарға көрсетілетін жеңілдіктердің маңыздылығын да атап өтті:

«Әлеуметтік жағынан осал топтарға көрсетілетін жеңілдіктер көлемін ұлғайту арқылы біз халықтың табысын қорғап, ең көп қажет ететін азаматтарға нақты көмек көрсетеміз», – деді Бауыржан Шайкенов.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-1.8 ° C
-1.8 °
-1.8 °
80 %
6kmh
100 %
Пт
-2 °
Сб
0 °
Вс
1 °
Пн
3 °
Вт
2 °

Соңғы мақала