3.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЕрасыл Жеңіс – XVIII Президенттік олимпиаданың жүлдегері

Ерасыл Жеңіс – XVIII Президенттік олимпиаданың жүлдегері

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетаудағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Ерасыл Жеңіс 11-12-сынып оқушылары арасында өткен XVIII Президенттік олимпиадада жүлделі 3-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш оның терең дайындық деңгейін, табандылығын және күрделі тапсырмаларды шешудегі жоғары қабілетін айқын көрсетті, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Президенттік олимпиада үш кезеңнен тұрады: өңірлік, іріктеу және финалдық. Әр кезең қатысушылардан теорияны терең меңгеруді ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларды, аналитикалық ойлауды және жоғары төзімділікті талап етеді.

Ерасылдың айтуынша, дайындық бір күнде бола салған жұмыс емес, ұзақ әрі жүйелі үдеріс болған.

«Олимпиадаға дайындалу оңай болған жоқ. Төрт пән бойынша тапсырма болатынын білдім – математика, физика, химия және биология. Сондықтан әрқайсысын белгілі бір деңгейде меңгеру керек болды. Маған математика мен биология жеңілірек болды, негізгі екпінді соларға қойдым», – дейді ол.

Оқушының жетістігіне мектеп мұғалімдерінің еңбегі де үлкен үлес қосты.

«Математика пәнінің мұғалімі Жанибек Кенжібекұлымен бірге біз үнемі есептер талдап, өткен жылдардың нұсқаларын қарап, жаңа тәсілдерді үйрендік. Сондай-ақ химия пәнінің мұғалімі Самал Салимовнаны атап өткім келеді – ол да маған көп көмектесті», – дейді Ерасыл.

Алайда Ерасыл үшін ең қиын бөлігі пәннің өзі емес, өзін күнделікті жұмыс істеуге мәжбүрлеу болған.

«Ең қиыны – өзімді оқуға отырғызу еді. Егер дайын болсам, кез келген қиындық жеңілдейді деп түсіндім. Сол үшін бар күшімді салып оқыдым, кейін өкінбеу үшін», – дейді ол.

Ерасыл болашақ мамандығын да айқындап қойған.

«Мектептен кейін инженер мамандығына түскім келеді. Электроника саласы қатты қызықтырады. Оқып жүріп тәжірибе жинақтағым келеді. Назарбаев Университетіне түссем деген үлкен арманым бар», – дейді ол.

Көкшетаудағы NIS ұжымы бұл жетістікті оқушы мен мұғалімдердің бірлескен еңбегінің, жүйелі дайындықтың және мектептегі жоғары академиялық ортаның нәтижесі деп бағалайды.

 

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
3.2 ° C
3.2 °
3.2 °
93 %
7kmh
75 %
Вт
5 °
Ср
4 °
Чт
0 °
Пт
-1 °
Сб
1 °

Соңғы мақала